Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 26984
Печать

Адал саудаӘбу Ханифа есiмдi ғалым әдiлдiктен, турашылдықтан ешқашан таймаған екен.

Бiр күнi бiр әйел оған сату үшiн бiр жiбек көйлек әкеледi. Әбу Ханифаға көйлектi жүз теңгеге сататынын айтады.

Әбу Ханифа:

- Мұның құны жүз теңгеден көп. Қаншаға беретiнiңiздi айтыңыз, - дейдi.

Әйел жүз-жүзден қоса отырып, бағасын төрт жүз теңгеге жеткiзедi.

Әбу Ханифа:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 21349
Печать

Алманың ақысыIлгерiде бiр елде Сәбит деген жiгiт өмiр сүрiптi. Сол Сәбит бiр күнi арықта ағып келе жатқан алманы ұстап алады. Қарны ашқан жiгiт алманы бiр тiстейдi де ойланып қалады. «Апыр-ай, бұл да бiреудiң өсiрген жемiсi ғой. Алма иесi ақиретте жолығып, ақысын сұраса не деп жауап берем?» - деп қиналады.

Сонан соң суды жағалап алма иесiн iздеп шығады. Жолда бiр баққа кез болады. Арық осы бақтың iшiнен ағып өтедi екен. Сәбит бақ иесiне келедi. Ол иман жүздi қария екен, жiгiт алманы рұқсатсыз тiстеп қойғанын айтып, қариядан өзiн кешiруiн сұрайды. Қария ойланып тұрады да:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 24030
Печать

ШүкірлікБiр кiсiнiң тұрмысы ауыр боп, тапқан азын-аулақ тиын-тебенi iшер асына жетпей, қысқа жiп күрмеуге келмей қатты қысылады.

Сонда әйелi оған үйдегi сатуға болатын заттарды түйiншекке орап, «Сатып, ақша қыл» деп базарға жұмсайды. Әлгi кiсi сатарын сатып, түскен ақшаға азық-түлiк алуға беттегенде, алдынан бiр қайыршы шығып:

- Үш күннен берi тамақ жегенiм жоқ, садақа бершi, - деп сұрайды. Зат сатқан кiсi жаны ашып, ақшасының жартысын қайыршыға бергелi тұрып:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 13526
Печать

Бала бақытыМұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар балаларды өте жақсы көрген екен. Бiрде ол есiк алдына шығып, айналасына қарап тұрса, бiр топ бала тай мiнiп шапқылап жүр екен. Тай мiнгендер мәз-мәйрам, көшенi басына көтерiп қиқулап келедi. Соларға қарап қызығып тұрған бiр баланы көредi.

Баланың мiнейiн десе тайы жоқ. Қызыққанмен басқа амалы жоқ, оның шарасыз күйi Пайғамбарға қатты батады. Ол баланың жанына барып:

- Тайға мiнгiң келе ме? - дейдi.

- Иә, - дейдi бала.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 24193
Печать

Дінді қабылдағын әжеМұхаммед (с.ғ.с.) бiрде көшеде белi бұралып, бiлегi үзiлiп кете жаздап, ауыр дорба арқалап бара жатқан егде әйел кiсiнiң қолынан жүгiн алып, барар жерiне жеткiзiп салған екен. Әлгi әйел жiгiттiң азаматтығына қатты сүйсiнiп:

- Қарағым, көп көмек жасадың. Сыпайы мiнезiң, мейiрбандығың,   тәрбие   көргендiгiң   көрiнiп   тұр.

Адамгершiлiктiң үлгiсi екенсiң. Саған осы еңбегiң үшiн не болса да, қанша берсем де аз екенiн бiлемiн. Мен саған аналық ақыл-тiлегiмдi айтайын, тiлiмдi алсаң  сен екi дүниеде де бақыт табасың, - дейдi.

- Айта қойыңыз.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2885281
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
115
301
416
115
12163
2885281