Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 12595
Печать

Әдiл билiктiң абзалдығыБiр замандарда бiр елде 70 рет қажылық өтеген кiсi өмiр сүрiптi. Сол елдегi бiр бидiң бiр де бiр рет қажылыққа баруға мүмкiндiгi болмапты. Күндердiң күнiнде биге бiр досы: «Анау кiсiден жетпiс қажылығының бiреуiнiң сауабын сұрап алмайсың ба?» - деп кеңес бередi. Сауап сұрап келген биге ол:

- Мен саған бiр емес, алпыс тоғыз қажылығымның сауабын берейiн, сен маған ең әдiл бiр билiгiңнiң сауабын берсең, - дейдi. Би ойланып қалыпты. Өйткенi, бiр рет әдiл билiк шығару алпыс тоғыз қажылықтан ауыр әрi абзал болуы мүмкiн екен.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 7526
Печать

Сауабы артық амалБiр иманы берiк тақуа кiсi қажылық жасауға кетiп бара жатады. Ол жолда бiреудiң күресiнге өлген тауықтың етiн тастап кеткенiн көзi шалып қалады. Оның iзiнше әлгi тауықты сол жерден тауып алып, әкетiп бара жатқан қызды көредi. Қызды тоқтатып алады да:

- Мұның не? - деп сұрайды. Қыспаққа алған соң қысылып тұрған қыз, шынын айтады:

- Бiз жетiмдер едiк. Бiраз болды, ашпыз. Бiздiң бұл халiмiзден көршi-қолаңдарымыз бейхабар, - дейдi. Сонда әлгі кісі есептеп қараса, қажылыққа жұмсайтын қаражатқа деген мың динары бар екен. Одан қайтар жол шығынын өтейтiндей аз қаржы алып қалып, қалғанының бәрiн әлгi жетiмдерге бередi.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 39524
Печать

Атымтай ЖомартЗаманында Атымтай жомарттың атағы әлемге таралыпты. Соған күйінген бір патша жендетін шақырып алып:

- Менің де қолым береген еді, бірақ атақ-абырой Атымтайда. Сондықтан сен оны өлтіріп, басын осында жеткізсең, алтын-күміспен жарылқаймын, - депті. Сонымен тәтті қиялы тамсандырған жендет елден-ел, жерден-жер қоймай дүниені кезеді. Арып-ашып келе жатқан оған бір күні иман жүзді бір жігіт ұшырасады.

- Алыстан жолаушылап келе жатқанға ұқсайсыз. Жүріңіз біздің үйге, қонақ болыңыз. Әл жинап, демалып, асықпай аттанарсыз, - деп қоярда-қоймай үйіне шақырып бәйек болады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 8576
Печать

СараңдықБір қалада өте сараң адам өмір сүріпті. Ол екінші бір қалада сараңдықтың түбіне жеткен біреудің бар екенін естіп, содан өзінің сараңдығын қалай арттыруды үйрену үшін іздеп жолға шығады. Ол сараң мұны қуана қарсы алып:

- Жүр, онда базарға барып бір нәрсе сатып алайық, - дейді. Екеуі наубайшыға келіп:

- Жаңа піскен наның бар ма? - деп сұрайды.

- Әрине, мырзам. Өзі жаңа піскен, сары майдай жүп-жұмсақ, тәтті, - деп мақтайды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 15734
Печать

Зекеттің күшіАллаһ Тағала жерге тауды қазық қылып жаратыпты. Мұны естіген періштелер Аллаһтан сұрайды:

- Таудан мықты нәрсе бар ма?

- Бар. Ол - темір. Темір тауды бұзады.

- Темірден де мықты нәрсе бар ма?

- Бар. Ол - от. От темірді балқытады.

- Оттан мықты зат та бола ма?

- Су бар. Су өтті өшіреді.

- Судан күшті нәрсе бар ма?

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2885273
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
107
301
408
107
12163
2885273