Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 24181
Печать
Жоғалған жүзiкБiр жiгiт көшеде келе жатса, қартаңдау кiсi топырақты сүзiп, әлдене iздеп, еңбектеп жүр екен. Күн батып, iңiр қараңғылығы түсiп қалған кез болса керек.
 
- Не iздеп жүрсiз, ата? - деп сұрапты жiгiт.
 
- Алтын жүзiгiмдi жоғалтып алдым, - дептi қария.
 
- Мен сiзге көмектесейiн, - деп жiгiт те iздеуге кiрiсiп кетiптi. Әбден әуреге түсiп, шаң-топыраққа батқан
соң, жiгiт:
 
- Ата, жүзiгiңiздi дәл осы арада жоғалтып па едiңiз? - деп сұрапты.
- Жоқ, үйде жоғалтып алғам, - дейдi қарт.
 
- Онда неге көшеден iздеп жүрсiз?
 
- Өйткенi, үйде жарық жоқ, ал далада жарықтау, - деген екен әлгi кiсi. Сол секiлдi кейбiр адамдар өз бақытын, өмiрiнiң мәнiн Исламның сыртынан iздеймiз деп адасады. Исламнан сырт қалған дүние жоқ екенiн, бүкiл болмыс атаулының Аллаһтың қолында екенiн мойындауға ой-санасы жете бермейдi.
 
Авторы: Пернегүл Үсенова