Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 28065
Печать
Мұнафиқ имамЕсте жоқ ескi заманда бiр ауылдың имамы қайтыс болады. Ел оны соңғы сапарына шығарып салуға дайындалып жатқанда, сол кезде өмiр сүрген бiр пайғамбарға Аллаһтан: «Имамды кәпiрлермен бiрге жерлеңдер, ол мұсылман емес» деген уахи келедi. Естiген ел есiнен тана жаздайды: «Бұл қалай?! Имам кәпiр болса, бiздiң жағдай қандай болғаны?» - деп қатты таң қалады.
 
Әлбетте, Аллаһтың айтқаны талқыланбайды. Имам кәпiрлер қорымына қойылады. Сонан соң имамның жақындары оның жесiрiнен сыр тартып байқайды: «Бұл бишара Аллаһқа қай жерден жазып қалды екен?» - дейдi олар. Ал, әйел:
- Қайдан бiлейiн, барлық парызды орындап-ақ жүрушi едi ғой. Намазын да оқып, оразасын да тұтатын. Уағыз да айтатын. Бiрақ кейде үйде оңаша отырғанда: «Осы, Құдай деген шынында бар ма екен, әлде ойдан шығарылған болды ма екен?» - деп өзiмен-өзi сөйлесiп қойып отырушы едi. Сонысынан жазып қалмаса, басқа еш әбес қылығын байқаған емес едiм, - дептi.
 
Авторы: Пернегүл Үсенова