Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 2827
Печать

Діннің тірегіИмам Раббани көзге түрткісіз қараңғы түнде бір топ шәкірттерімен бірге таудың жолымен жоғары қарай көтеріліп келе жатады. Жолда күн жауып, боран болады. Шәкірттердің мазасы қашады. Бірақ ұстаздары тоқтауды бұйырмағаннан кейін, оның артынан ілгері ілби жүре береді. Бір кезде жауын толастайды. Сонда иман Рабани: “Аяқтарыңа бірдеме батты ма?” - деп сұрайды. Шәкірттер: “Батты” - деп жауап береді. «Сол батқан нәрсені алған да өкінеді, алмаған да өкінеді» - дейді имам. Қараңғыдағы бораннан қалжыраған шәкірттердің бір бөлігі: «Ақыры өкінетін болғаннан кейін оны алған не, алмаған не?” - деп, табандарына батқан тас секілді нәрсені алуға ерінеді.Ал,шәкірттің қалған бөлегі: “Аз да болса алып,не екенін ертең көрейік” – деп ойлап, қалталарына бір-екі түйір белгісіз тасты салып қояды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 24266
Печать

Кеш оқылған намазБiр кiсi өмiр бойы намазын оқып, оразасын ұстап, Аллаһ Тағалаға құлшылық етуiн үзбептi. Тек бiр кемшiлiгi - намазын үнемi кешiктiрiп, уақыты бiтуге таянғанда ғана оқиды екен. Күндердiң бiр күнiнде ажал жетiп, әлгi кiсi өмiрден озыпты. О дүниеге барғанда есеп дәптерi бойынша жауап алынып болған соң, ол тозаққа лайық деп танылыпты. «Қалайша? - деп таң қалыпты мұсылман, - менiң өмiр бойғы жасаған құлшылығым, бiр Аллаһқа деген сүйiспеншiлiгiм мен қорқынышым, маңдайым сәждеде жатып, тозақтан құтылуды тiлегенiм - бәрi босқа кеткенi ме? Маған ақыреттiң жақсылығы шынымен-ақ бұйырмағаны ма?»

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 28255
Печать

Сауабы мол ғибадатБiр заманда Жебiрейiл перiште Аллаһ разылығы үшiн 2 рәкәт намазды 70 жыл бойы тұрып оқиды. 70 жыл аз уақыт емес, ал оның мәңгiлiк әлемiндегi уақыт екенiн ескерсек бiздiңше ондаған мыңжылдықтар шықпай ма?

Оқып болып: «Аллаһ риза болды ма екен?» - деп сұрапты. Сонда Аллаһ Тағала:

- Сен әрине ғибадат етесiң. Өйткенi, Менi де, тозақ пен жәннатты да көрiп жүрсiң. Бiр замандарда адамдар жаратамын. Олар не менi, не тозақты, не жәннатты көрмей-ақ иман келтiредi, намаз оқиды. Олар өмiр сүрiп жатқан уақыт көз iлеспес шапшаңдықпен жылжитын болады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 13010
Печать

Таң намазыБiрде Әзiрет Әлi таң намазына ұйықтап қалып, оянғасын қатты өкiнедi. Өзiн-өзi кешiре алмай күнi бойы күйiнедi. Ертесiне таң атпай оны: «Тұр, намазыңды оқы!» - деп бiреу оятады. Атып тұрған Әлi: - Сен кiмсiң, қайдан жүрсiң? - деп сұрайды оятушыдан.

- Шайтанмын.

- Онда неге маған жақсылық жасағың келiп тұр?

- Бұл жақсылық емес. Жақсылықты саған мен кеше жасап қойыппын. Сенi таң намазының сауабынан қағайын деп ұйықтатып тастап едiм, сен оянғасын қатты өкiндiң. Оныңды көрiп тұрған Аллаһ өкiнiшiңдi ескерiп, саған он сауап жазды. Әйтпесе сен таң намазыңды оқып, бiр ғана сауап алған болар ең, әттең!

Подробнее...
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711397
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
8
513
8
5202
17574
2711397