Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 13113
Печать

Таң намазыБiрде Әзiрет Әлi таң намазына ұйықтап қалып, оянғасын қатты өкiнедi. Өзiн-өзi кешiре алмай күнi бойы күйiнедi. Ертесiне таң атпай оны: «Тұр, намазыңды оқы!» - деп бiреу оятады. Атып тұрған Әлi: - Сен кiмсiң, қайдан жүрсiң? - деп сұрайды оятушыдан.

- Шайтанмын.

- Онда неге маған жақсылық жасағың келiп тұр?

- Бұл жақсылық емес. Жақсылықты саған мен кеше жасап қойыппын. Сенi таң намазының сауабынан қағайын деп ұйықтатып тастап едiм, сен оянғасын қатты өкiндiң. Оныңды көрiп тұрған Аллаһ өкiнiшiңдi ескерiп, саған он сауап жазды. Әйтпесе сен таң намазыңды оқып, бiр ғана сауап алған болар ең, әттең!

 Ал, ендi тез тұр да намазыңды оқы. Тиесiлi жалғыз сауабыңды ал! - дептi қаскүнем.

Авторы: Пернегүл Үсенова