Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 28495
Печать

Сауабы мол ғибадатБiр заманда Жебiрейiл перiште Аллаһ разылығы үшiн 2 рәкәт намазды 70 жыл бойы тұрып оқиды. 70 жыл аз уақыт емес, ал оның мәңгiлiк әлемiндегi уақыт екенiн ескерсек бiздiңше ондаған мыңжылдықтар шықпай ма?

Оқып болып: «Аллаһ риза болды ма екен?» - деп сұрапты. Сонда Аллаһ Тағала:

- Сен әрине ғибадат етесiң. Өйткенi, Менi де, тозақ пен жәннатты да көрiп жүрсiң. Бiр замандарда адамдар жаратамын. Олар не менi, не тозақты, не жәннатты көрмей-ақ иман келтiредi, намаз оқиды. Олар өмiр сүрiп жатқан уақыт көз iлеспес шапшаңдықпен жылжитын болады.

Талай қиыншылықтармен алыса жүрiп, асыға жүрiп оқыған солардың намаздары сенiкiне қарағанда әлденеше есе сауапты болмақ, - дептi.

Авторы: Пернегүл Үсенова