Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Намаз | Просмотров: 25243
Печать

Кеш оқылған намазБiр кiсi өмiр бойы намазын оқып, оразасын ұстап, Аллаһ Тағалаға құлшылық етуiн үзбептi. Тек бiр кемшiлiгi - намазын үнемi кешiктiрiп, уақыты бiтуге таянғанда ғана оқиды екен. Күндердiң бiр күнiнде ажал жетiп, әлгi кiсi өмiрден озыпты. О дүниеге барғанда есеп дәптерi бойынша жауап алынып болған соң, ол тозаққа лайық деп танылыпты. «Қалайша? - деп таң қалыпты мұсылман, - менiң өмiр бойғы жасаған құлшылығым, бiр Аллаһқа деген сүйiспеншiлiгiм мен қорқынышым, маңдайым сәждеде жатып, тозақтан құтылуды тiлегенiм - бәрi босқа кеткенi ме? Маған ақыреттiң жақсылығы шынымен-ақ бұйырмағаны ма?»

Ол есiн жиып үлгiрмей жатып-ақ екi перiште екi жағынан сүйрелеп, тозаққа ала жөнелiптi.

Бойын қорқыныш пен үрей билеген, аяқ-қолы дiрiлдеп, аузы икемге келуден қалған байғұс тек iштей: «Намазым, намазым» деп күбiрлей берiптi. Бет қаратпас қып-қызыл жалынның ыстығы ендi денесiне тие бергенде алдынан ақ сақалды, ақ киiмдi адам шыға келiп, отқа лақтырылған бейшараны қағып алып, керi ұша жөнелiптi. «Сен кiмсiң?» - деп сұрайды бұл. «Мен - сенiң намазыңмын», - дептi ол. «Осы кезге дейiн кешiгiп қайда жүрсiң?» «Есiңде ме, сен де менi ең ақырғы сәтте, намаз уақыты бiтерде оқушы едiң ғой. Үнемi кешiктiретiнсiң, менiң кеш қалған себебiм осы. Ендi қорықпай-ақ қой, мен Аллаһтың қалауымен сенi тозақ отынан құтқарамын», - дептi ақ киiмдi адам. Сөйтiп, намазының арқасында әлгi кiсi жәннатқа лайық болыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Алтай Темірлан 15.07.2013 20:13
қызықты әңгіме
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алима 20.07.2013 08:41
бунын бари рас па екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ербол 23.07.2013 20:00
Намазымызды қаза етпейік бауырлар!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Эльмира Тороева 25.07.2013 17:01
Бәурлар намазді уәғінда оқійік өтінем!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ақерке 03.08.2013 22:54
иа намазды уақытылы оқу керек екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жамбыл 13.08.2013 21:32
Ақерке сіз намаз оқисыз ба.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Балнура 14.08.2013 15:45
Алла намазға деген иманымызды берік етсін,
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айгул 21.08.2013 21:45
Журегим ауырып кетти гой, енди кешиктирмей окимын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
nurjamal 23.08.2013 19:46
Уактылы окуга тырысам
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Камбар Жансая 20.09.2013 01:17
Ассалаумагаликум барша жамагат. Сиздерге Алланын мирими болсын жане де кулшылыгымызды кабыл етип жаннатин насип етсин намазимизди каза кылмаиык бауырлар.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 25.11.2013 11:12
Иншаллаһ намазға берік болайық бауырлар. Алла бес уақыт намазымызды уақытылы өтеуди насіп етсін! маған осы әңгімелеріңіз қатты қ\ұнады сиздерге Алла Разы болсын! Мен үшін үлкен сабақ болды
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 26.01.2014 18:58
машаллах биз осы матиннен коп улги алдык
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Фатима 26.02.2014 01:10
Мейрімді рахымды ұлы Аллах.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ақторғын 12.04.2017 17:56
Бұл əңгіме қайдан алынды, ойдан шығарылған ба?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2845190
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
582
684
3126
3793
19870
2845190