Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 39109
Печать

Атымтай ЖомартЗаманында Атымтай жомарттың атағы әлемге таралыпты. Соған күйінген бір патша жендетін шақырып алып:

- Менің де қолым береген еді, бірақ атақ-абырой Атымтайда. Сондықтан сен оны өлтіріп, басын осында жеткізсең, алтын-күміспен жарылқаймын, - депті. Сонымен тәтті қиялы тамсандырған жендет елден-ел, жерден-жер қоймай дүниені кезеді. Арып-ашып келе жатқан оған бір күні иман жүзді бір жігіт ұшырасады.

- Алыстан жолаушылап келе жатқанға ұқсайсыз. Жүріңіз біздің үйге, қонақ болыңыз. Әл жинап, демалып, асықпай аттанарсыз, - деп қоярда-қоймай үйіне шақырып бәйек болады.

Жігіт үш күн бойы таудан отын шауып әкеп, оны сатып, түскен ақшасына бейтаныс қонағын күтумен болады. Төртінші күні қонақ:

- Бауырым, құрметіңе ризамын. Мен кетемін демесем, тік тұрып қонақ етуден жалықпайтын сияқтысың. Әрі менің кім екенімді, не шаруамен жүргенімде де жұмысың жоқ. Сондықтан мен саған өзім жағдайымды айтайын. Мен бір елдің патшасының жендетімін. Атымтай деген жомартты іздеп шықтым. Оның басын шауып, патшама алып барсам, алтын мен күміске қарық болайын деп тұрмын. Сондықтан мен жолымнан қалмағаным дұрыс. Жолаушы жұмысы жүрсе бітеді деген, - деп асығыстық жағдайын баян етеді. Оны естіген жігіттің көзінде қуаныш нұры оянып:

- О, менің құрметті қонағым, сіздің жолыңыз болды ендеше. Іздеген Атымтайыңыз мен боламын. Мінеки, басым, алыңыз. Патшаңызға аман-есен жеткізіңіз де, сый-құрметке ие болыңыз, - деп басын иеді. Жендет аң-таң. Сенбейін десе, алдындағы жігіт өтірік айтатын, қалжыңдайтын адам емес. Өзін құрмет тұтып, сый көрсеткен адамға қол көтере алмай еліне құр қол аттанады.

Келген соң патшасына көрген-білгенін түгел айтып береді. Соңында:

- Сіздің бұйрығыңызды орындай алмағаным үшін оның орнына өз басымды алуыңызды өтінем, - деп сөзін тәмәмдайды. Патша ойланып қалады.

- Апырай-ә, мен де өзімді жомартпын деп жүрмін. Шын берем десем, аса жақын адамға ең арысы жарты патшалығымды бере алатын шығармын. Алайды Аллаһ берген аманат-жалғыз жанымды атын-затын білмейтін белгісіз біреуге қия салу деген - ақылға сыйымсыз жайт қой! Қой, мұнан кейін Атымтаймен жомарттық салыстыруым ұят екен, - деп райынан қайтыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Ұлбосын 07.04.2012 17:56
Аллаһу акбар
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мұрат Мұхаш 12.04.2012 13:47
Сіздерге Алла разы болсын! Үлкен сауапты істі бастапсыздар. Мына сайттарыңыз маған қатты ұнады. Сәттілік тілеймін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
карина 24.10.2012 20:14
оте кушти
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 26.07.2013 09:23
Алла разы болсы!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Наурыз 06.10.2013 19:11
Ассалаумалейкум Назым! Сизде окыпсыз гой.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ерік 28.07.2013 14:21
бүл әңгіме ертек секлді жастарға,патша-заказ чик,жендет-киллер,ат ымтаи-добро,қазргі сионист заманға патша-баи,киллер ақшасн алып,шетелге таип түрат,добро оларға көмек бергендеи,үшеудің кім дұрс екен нақты ғадистер келтрп,қандаи күна күтп түрған,кімдікі дұрс, жеткзу абзал болар
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 08.08.2013 21:36
Ия, бұл әңгіме ертегі сияқты.Бірақ Атымтай жомарт рас болған.Шын аты Хатм Таий (Таи деген жерден)Шынында да жомарт адам болған.Бір соғыста қарындасы мұсылмандарға қолға түсіп,кейіннен пайғамбарымыз (с.ғ.с)босатып жібереді.Сонда Атымтай жомарт өзі рахмет айтуға келеді.Пайғамбарымыз бен (с.ғ.с) жүздескен,ислам дінін қабылдаған.(АЛЛАҺ жақсырақ біледі.)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 25.11.2013 09:41
Машаллаһ Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
наурыз 27.11.2013 15:16
Алланың нұры жаусын!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 11.01.2014 14:00
РАХМЕТ САЙТТАРЫНЫЗ МАГАН КАТТЫ УНАДЫ
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жақсы БАЛА 11.01.2014 14:43
Алланың сәлемі болсын Молдір! Сізге де рахмет сайт туралы жылы сөздеріңізге үлкен алғыс білдіреміз. Осындай жылы сөздеріңіздің өзі бізге үлкен көмек. Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Диана 25.11.2016 21:00
Ыбырай Алтынсариннің да Атымтай Жомарт деген әңгімесі бар ғой. Сонда бұл екеуіде бір адам ғой ия?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айнур 11.12.2016 15:26
Өте ұнады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2845201
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
8
585
3137
3804
19870
2845201