Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 2805
Печать

patsha-bolsan-adil-bolОмар ибн Абдулазиз ізгі халифалардың бесіншісіне жатады. Ол әділдігімен, тақуалығымен танылды. Оның халифалығы тұсында әділдігі соншалық, қасқыр мен қой бірге жүре беруші еді. Сол заманда бір мұсылман кісі жайылып жатқан қойлардың тұсынан өтіп бара жатып қойлардың қасында жайбарақат жүрген қасқырды көріп, қойшыдан оның мәнін сұрайды. Сонда қойшы: “Әй, бауырым, көріп тұрған бұл кереметің—халифаның әділдігінің дәлелі," - дейді.


Осы оқиғадан бірнеше ай өтеді. Манағы кісі тағы сол түстан, жайылып жатқан қойлардың жанынан өтіп бара жатып бір қойды қасқыр жеп жатқанын көріп: “Құдайым-ай, әділ халифаның ажалы жеткені ме?!” - деп қапа болады. Сол уақытта шындығында да халифа Омар ибн Абдулазиз қайтыс болып, Раббысына қарай бет бұрған еді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Берік 28.08.2013 22:03
Алла разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Берік 28.08.2013 22:04
алла раз
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шоқан 11.09.2013 22:32
Тәңір жарылқасын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3468373
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
74
291
1633
7269
15930
3468373