Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 7066
Печать

tustegi-patshalykӘһли хикмет ғұламалар былай деген: Дүниенің, өмірдің қиял, түс екеніне еш күмән жоқ, өйткені пайғамбарымыз бір хадис шәрифінде: «Адамдар ұйқыда, өлген кездерінде оянады» деген. Адам түсінде өте бай болуы мүмкін, жоғары мансап, абырой иесі болуы да мүмкін, көп нәрсе істеуі мүмкін, бірақ оянған кезде бәрі бітеді. Оянған кезде «Менің соншама мүлкім бар еді, мансабым, абыройым бар еді» деуінің қандай мәні болады?

Осы сияқты адамдар да өлген кезде мал-мүлкі, байлығы, бала-шағасы, әйелі, бәрі дүниеде қалады. Адамдар өліп оянған кезде «Біз қайда келдік, бұл қай жер? Біздің мал-мүлкіміз, мансабымыз бар еді, туыстарымыз, достарымыз бар еді, олардың бәрі қайда?» десе де ешқандай мәні болмайды.
Кейбір ғалымдар «Адамдар мас, өлген кезде есін жинайды» деген. Яғни мастық өлген кезде бітеді. Мал-мүлік мастығы, атақ-даңқ мастығы, мансап мастығы бар, бірақ өлген кезде бәрі бітеді. Ақиқаттар, шындықтар мәлім болады, бірақ болар іс болып, кеш болады. Сүйікті пайғамбарымыз «Қалай өмір сүрген болсаңдар, солай өлесіңдер. Қалай өлсеңдер, солай тірілесіңдер» деген.
Адамдар дүниеге берілген кезде қиындықтардан құтыла алмайды, өйткені дүние – қиындықтардың қайнары. Бұл қиындықтан құтылу үшін міндетті түрде ахиретке, нұрға қайту керек. Егер адам нұрға бет бұрса, көлеңкесі артында қалады және артынан келеді. Нұрға арқасын қаратса, қараңғылыққа бұрылған болады, істері қараңғылық болады, ешқашан көлеңкесіне де жете алмайды. Адам таңдауын дүниеге бұрса адамдармен қақтығысады, ахиретке бұрса адамдар оған ұқсау үшін жарысады.
Халифа Харун Рашид бір күні Бәхлүл Дана хазреттерімен көріскісі, хикметті, даналық сөздерін тыңдағысы келеді. Адамдарына оны тауып, алып келуін бұйырады. Іздеуге кеткендер оны мазаратта ұйықтап жатқан күйінде тауып алады. Оятқан кезде: «Сендер не істедіңдер! Мені патшалық мансабынан түсірдіңдер. Енді мен не істеймін?» деді. Патшаның қызметшілері бұл сөздерін айтып берген кезде, халифа мұның сырын түсіне алмады, алдына келген кезде сұрады:
− Ей Бәхлүл! Бұл не тірлік? Сен қай патшалықтан түсірілдің?
− Түсімде қандай тамаша патша едім. Зәулім сарайларым, әскерлерім бар еді. Салтанат пен шаттық ішінде едім, алайда сенің адамдарың мені оятты және тағымнан түсірді.
− Жарайды, бірақ Бәхлүл, түстегі патшалыққа мән беруге бола ма? Қара, көзіңді ашқан кезіңде бәрі біткенін көрдің.
− Менің патшалығым көзімді ашқан кезде бітті, ал сенікі көзіңді жұмған кезіңде бітеді. Арадағы айырмашылық неде? Оның үстіне мен көзімді ашқанымда өмірге келдім. Ал сен көздеріңді жұмғаныңда салтанатыңнан айрыласың және өкінішің басталады, сұраққа тартыласың. Ал енді айтшы, қайбіріміздің патшалығымызға мән берілуі керек?
Харун Рашид айтатын сөз таба алмады.

Пікірлер  

 
Нұртай 21.10.2014 18:48
Бахлүл Дананың "атына заты сай" екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
асет 04.02.2015 13:55
Өте керемет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тоғжан 09.04.2015 20:56
Иә, расынды да, бұл өміріміздің жай ғана түс екенін ұмытпауымыз кекрек...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нурай 30.01.2016 19:06
МашаллаҺ ғибратты әңгіме. Расымен, өмір деген жай ғана түс...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711211
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
335
452
4168
5016
17574
2711211