Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 22883
Печать

Алманың ақысыIлгерiде бiр елде Сәбит деген жiгiт өмiр сүрiптi. Сол Сәбит бiр күнi арықта ағып келе жатқан алманы ұстап алады. Қарны ашқан жiгiт алманы бiр тiстейдi де ойланып қалады. «Апыр-ай, бұл да бiреудiң өсiрген жемiсi ғой. Алма иесi ақиретте жолығып, ақысын сұраса не деп жауап берем?» - деп қиналады.

Сонан соң суды жағалап алма иесiн iздеп шығады. Жолда бiр баққа кез болады. Арық осы бақтың iшiнен ағып өтедi екен. Сәбит бақ иесiне келедi. Ол иман жүздi қария екен, жiгiт алманы рұқсатсыз тiстеп қойғанын айтып, қариядан өзiн кешiруiн сұрайды. Қария ойланып тұрады да:

- Жоқ кешiре алмаймын, - дейдi. - Сен менiң бағыма бiр жыл бойы келiп кетiп жүрiп жұмыс iстейсiң.

Сәбит келiсуге мәжбүр болады. Өйткенi, ол ақирет күнi болғанда адам шаңның тозаңындай күнәсi үшiн жазаланып, сондай мөлшердегi сауабы үшiн жарылқанатыны жайлы аятты жақсы бiлетiн. Сол мақшар күнi сұралғанда, осы қарияның ризалығын алмағаны үшiн басы дауға қалуын қаламады.

Сонымен жыл бойы Сәбит қарияның алма бағына келiп, жұмыс iстеп жүрдi. Бiр жылдан соң:

- Ата, айтқан бiр жылыңызды өткiздiм, ендi риза болсаңыз, менi жiберiңiз,- дейдi. Қария:

- Риза емеспiн. Менiң рұқсатымды алу үшiн сен менiң қызыма үйленуiң керек.

Қызымның қолы шолақ, аяғы ақсақ, тiлi сақау, көзi соқыр, құлағы керең. Келiссең ал, келiспесең кете бер, - дейдi. Жiгiт қатты сасады. «Жоқ» деп қыздан бас тартса, ақирет күнiнде шал мұнан алмасын сұрайды.

Бұл қайдан тауып бермек? Ал, мүгедек қызын қайтпек? Ақыры жiгiт он ойланып, тоқсан толғанып шалдың қызын алуға келiседi. «Бұл қызды да бiреу алу керек шығар, сол адам мен-ақ болайын» деп түйедi ойын.

- Ендеше, қалыңдығыңды барып көр. Ол анау үйдiң iшiнде отыр, - дейдi. Жiгiт басы салбырап үйге кiрiп барады. Қараса ай мен күндей, сұлулығын суреттеуге тiл жетпестей, төрт мүшесi түгел сұлуды көрiп: «Астафируллаһ!» деп атып шығады үйден. Сол бетте қарияға жүгiрiп кеп:

- Сiздiң қызыңыз емес, онда басқа бiреу отыр, - дейдi.

- Сол менiң қызым. Қолы шолақ дегенiм, көлденең жатқан алтынды да алмайды. Аяғы ақсақ болатын себебi, бөгде кiсiнiң көзiне көлбеңдеп түсе бермейдi. Бiр жыл осында жұмыс iстегенде саған бiр рет көрiндi ме? Жоқ. Тiлi сақау болатын себебi - ешкiмнiң сыртынан ғайбат сөз айтпайды, алдамайды. Кереңдiгi сол - әдiлетсiз әңгiмелердi естiмейдi.

Соқырлығы - оның бiреудiң затына көз сатпайтыны. Кiсi мiнiн iздеп үңiлмейдi. Сен алған алманы тiстеп қойғаныңа өкiнiп, менен кешiрiм сұрап келгенде, мен сенi қызыма лайық көргенмiн. Бiрақ бiр жыл сынап көрейiн дедiм. Сынымнан сүрiнбей өттiң. Ендi екеуiң бақытты болыңдар, - деп батасын берiп екеуiн қосады.

Екеуiнен Нұғман атты ұл туылады. Нұғман алты жасқа келгенде анасына келiп:

- Анашым, мен Құран кiтабын жаттап алдым, - дейдi балалық мақтанышын жасыра алмай. Сонда анасы қуана күлiп:

 - Сенiң әкеңнiң бiреудiң алмасын рұқсатсыз тiстеп қоятын сабырсыздығы болмаса сен Құранды былтыр жаттап қойған болар едiң,- дептi. Сол бала кейiн бүкiл Ислам әлемiне танымал, елдi аузына қаратқан үлкен ғалым болады. Ол бiзге Имам Ағзам Әбу Ханифа атымен белгiлi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Зульфия 26.07.2013 15:06
Сәлеметсізбе маған көмектесіп жіберіңіші мен қиналып тұрмын маған ақша қажет қарызымнан қалай құтыламын жолдарын айтыңышы меның жаным қиналып тұр нестерімді білмимін өтінемін қандай дұғалар бар қарыздан құтылу үшін көмектесема соларды оқысам
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
айжан 28.07.2013 14:40
не деген кереметт.рахмеет жаксы окыдым
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
айжан 28.07.2013 14:41
тагы кандай сайтта оки аламын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Арайлым 30.07.2013 10:48
Қандай керемет оқиға осыны оқығанда озімді керемет сезезіндім. Рахмет сізге
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Арайлым 30.07.2013 10:53
кешіріңіз қызым 5айлық көп адамның назары қызыма түседі мысылы (үлкен екен, әдемі екен,тез ер жетіп)жатырго деп бұған көз моншақ тағайын десем болмайды дейді. енді нестеуіме болады көз тигенге оқылатын дұға барма? Көмек қолдарыңызды созыңыздаршы
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Галымжан 30.07.2013 22:25
қандай тамаша бір рахатанып қалдым ойым тазарып Пердегүл апа рахмет алла разы мейімді көзбен қарасын барша оқырмандарға осындай оқуға мүмкіндік бергендер
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айгерим 31.07.2013 18:46
Коп рахмет, АЛЛА разы болсын, баринизге Алла ден саулык берсин!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Марал 04.08.2013 02:07
өмірде осындай адамдар көп болса,деймыз бырақ әрбір адам өзынен бастаса осы әнгымены осындай әнгымелерды өсиет етып айтып отырса,баласына Сабит секілді тәрбие берсе өмыр қазіргідей емес,өте иманды ұрпақ келер еды деп ойлаймын,осындай ұрпақ тәбиелеу оз колымызда!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
САЛТАНАТ 13.08.2013 17:51
керемет, оте унады. адам баласы бір жаксы нәрсе оқыса, немесе тыңдаса іштей шамалы болса да ой түйеді. осындай керемет әңгімелердің, оқиғалардың БАСЫЛЫМҒА ШЫҚҚАНЫ ЖАКСЫ БОЛАР ЕДІ.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жанар 15.08.2013 19:18
Салеметсіздер ме!Менің соңғы кезде жұмыста жолым болмай қойды.Ашуға көп берілемін, көп біреудің айтқанына уайымдаймын!көмектес іңіздерші.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айдана 17.08.2013 11:53
салеметсізбе?менің биылғы жылым (2013 жыл) өте киын өтуде, жолым болмай - ак койды киыншылықтар көп кездесуде.не істеуге болады?осыған кандай дұға оқыса болад комектесиниздерши
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
умит 24.08.2013 12:41
Салеметсиздерме! Оте керемет,окып бойыма куаныш сезимдери пайда болгандай.Осындай мейримди де,адал адамдар коп болса екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Көгершін 06.09.2013 16:21
Ассалямалейку! МашаАллаh керемет ғибратты әнгіме екн.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қайнар 14.09.2013 15:58
машалла,жаксыдан жаксы туады деп бекер айтпайды екенғой
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мерей 14.09.2013 21:53
МашаАллах өте қонымды әңгіме. Мен Пернегүл Үсенова апайға көп-көп рахмет айқым келеді, еңбегіңіз Аллахтан қайтсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жайна Тулендиева 27.09.2013 14:33
МашаАллах! Әңгіме өте көркем түрде жазылған, Сәбиттің имандылығы мен сабырлығына қарап, Аллах тағалам оған сондай адал жарды бұйыртты және сондай иманды жұптардан иманды ұл келтірді. Көңілге түйерлік, басқа да адамдарға сабақ болар жақсы әңгіме екен. Аллах тағалам баршаларыңыздың жүректеріңізге иман, тілдеріңізге құран, көркем мінез берсін. Аллах тағалаға көркем түрде құлшылықта болулырыңызды Аллахым сіздерге екі дүниеде де нәсіп етсін. Амин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 22.11.2013 12:32
Осындай көркем ангімелер оқуды нәсіп еткен жаратушы иеміз Аллаға сан мыңдаған мақтаулар болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аскар 13.01.2014 20:13
Пернекүл апай Алманың ақысы атты әңгімеңізге көп-көп рахмет, менің баламның есімі Ағзам, осы есімді қойған менің әпкем болатын, баламның есімін қойған кезде осы әңгімені айткан, содан бері біраз уақыт өтті мен бұл әңгімені ұмытып кетіп едім, сізге көп рахмет.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
индира 25.02.2014 00:49
жақсы екен адамды имандылыкка тәрбиелейді.қазақ елінің азаматтарыда осындай болса деймін
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3468442
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
143
291
1702
7338
15930
3468442