Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 28425
Печать

Адал саудаӘбу Ханифа есiмдi ғалым әдiлдiктен, турашылдықтан ешқашан таймаған екен.

Бiр күнi бiр әйел оған сату үшiн бiр жiбек көйлек әкеледi. Әбу Ханифаға көйлектi жүз теңгеге сататынын айтады.

Әбу Ханифа:

- Мұның құны жүз теңгеден көп. Қаншаға беретiнiңiздi айтыңыз, - дейдi.

Әйел жүз-жүзден қоса отырып, бағасын төрт жүз теңгеге жеткiзедi.

Әбу Ханифа:

- Бұл әлi де аз, - дегенде, әйел:

- Сiз менiмен қалжыңдасып тұрсыз ба? - деп ашу шақырады.

Әбу Ханифа:

- Жоқ, қалжың емес, шыным. Бiр адам әкелiп, бағасын қойғызайық, - дейдi. Бiр адамды ертiп келедi де, бағасын қойғызады.

Сөйтiп, Әбу Ханифа көйлектi бес жүз теңгеге сатып алады.

Осылайша, ол өзi сатып алушы бола тұра, сатушының қамын ойлап, әдiлеттiлiктiң әдемi үлгiсiн көрсетедi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Иманбек 27.07.2013 02:44
Сондай жомарт әділ адамдар бар ма еекен??
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
нұра 05.08.2013 12:23
ондай адамды қазір табу өте қиын шығар. мысалы мен қай жерде арзан сол жерден аламын. менің ойымша қазіргі нарық заманында бәрі солай. молданың айтқанын істе, істегенін істеме демей ме халық арасында. ары қарай өзіңіз ойлай беріңіз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
кулайна 29.09.2013 15:56
:-) әрине қазіргі заманда мұндай жағдайды кезестіре алмайсын,сатуша затының бағасын төмен айтса болғаны адамдар ала беретіні анық.Халық ол заттың қандай еңбекпен жасалғанына да мән беріп жарытпайды ғой шіркін.Көп айтса түсіруге таласып тұрады,әрине бұл жағдайлардың барлығы экономикамыздың әсері сөзсіз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3468373
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
74
291
1633
7269
15930
3468373