Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 12321
Печать

Жақсылық қылсаң өзiңе...Киiмi өрiм-өрiм бiр қайыршы ауыл кезiп жүрiп үнемi «Жақсылық қылсаң өзiңе, жамандық қылсаң өзiңе» деген сөздi қайталай беретiн көрiнедi. Бiр ауылда көрiнгенмен ұрса кетуге дайын көкбет, долы қатын тұрады екен. Сол әйел қайыршыға таба нанға у қосып бередi де: «Жақсылық болса да, жамандық болса да көрiп алдым, мә, сөзiң де, өзiң де құры!» деп мысқылдайды. Қайыршы кетедi.

Ауылдан шыға бере қайыршы алыс жолдан арып-ашып келе жатқан керуенге кездесе кетедi.

Керуенге iлесiп азып-тозған егде кiсi мен жас жiгiт қайыршыдан нан сұрайды. Қайыршы көкбет қатын берген нанды ұстатып жөнiне кете барады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 16653
Печать

Сейф-БейітБір миллиардер адам дүниеге әбден мастанып:

- Құдайың маған не істей алады? Ауру бере ме? Берсін. Бүйрегімді ауыртса оны ауыстырам. Жүрегімді ауыртса жүрегімді де ауыстыра салуға болады мына заманда. Ақша болса болды. Ендеше құдайың мен болам! - деп лепіреді. Бір күні үлкен қалың сейфінің ішіне кіріп ақша санап рахаттанып отырғанда, сейф есігі жабылып қалады. Кодпен ашылатын ол "итіңнің" тілін өзі ғана білетін. Сейфтің қалыңдығы сонша, оның ішінде тұншыққан дауыс сыртқа шықпайтын. Сонымен, қыруар ақшаның ортасында, бір жұтым ауаға зар болып бишара миллиардер ажал құшады. Сонша дүниесі оның жанына арашашы бола алмапты.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 18517
Печать

ҮндемесБаяғыда бiр мұсылман бала Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм жәннаттан үмiттi болса, пайдалы сөз айтсын немесе үндемесiн» деген хадисiн естiп, соған лайық әрекет етуге тырысады екен.

Өзi жас, пайдалы ештеңе айта алмайтын болған соң, үндемеуге бел буыпты. Үндемейтiнi айналасындағыларды таңырқатып, әкесi алаңдай бастапты.

«Осы менiң балам ауру емес пе екен?» деген оймен баланы емшiге апарады. Емшi:

- Балаңыз зерiккен. Оны қаланың сыртына серуендеуге шығарыңыз, - дептi. Әкесi баланы ертiп, қаланың сыртына орман, тоғайлы жерге серуенге шығады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 26627
Печать

Балқұмар балаIлгерiде бiр патшаның жалғыз ұлының үстi-басын жара басып, жазылмастай ауруға шалдығады.

Шақырған емшi-тәуiптерiнен қайран болмайды. Ал, бала күннен-күнге әлсiрей бередi. Бiр күнi патша түс көредi.

Түсiнде баланың ауруының себебi, оның бал құмарлығында екенi бiлдiрiледi. Ал, балқұмарлықты қойдыру ұстазының қолынан келедi-мiс.

Сонымен, таңертең патша баланың ұстазына жағдайды түсiндiрiп, шабарман жiбередi.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 11588
Печать

Қайырлы болсын!Ертеректе бiр патша қолындағы өткiр қанжармен саусағын кесiп алады. Қасында отырған сарай ақыны: «Қайырлы (құтты) болсын», - дептi.

Патша өзiнiң жаны күйiп отырғанда мына сөз шымбайына шындап тиедi де, нәтижесiнде ақын зынданнан бiр-ақ шығады.

Әлқисса, бiр күнi патша сайран салып, саятқа шығады. Аңшылық қызығына түсiп, елден ұзап кеткен әмiршi аздаған нөкерлерiмен бiрге жабайылардың колына түсiп қалады.

Жабайылар тұтқын олжаларын бiртiндеп жей бастайды. Олар үшiн патшаң да, пақырың да ет қана емес пе?! Бiрақ олардың бiр кызық ырымы бар екен.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2862304
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
212
316
832
5511
15396
2862304