Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2765
Печать

Анаға құрмет!Атақты сахабалардың бірі, Пайғамбар (с.а.у.) ілімін жалғастырушы Әбу Хурайра өзінің барлық өмірінде анасына үлкен инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын. Әрқашан ол үйінен шығарда анасының бөлмесіне кірмей, есігінің жанына тоқтап :
- Анашым, саған тыныштық тілеймін. Аллаһ Тағаланың саған құрметі мен оның рақымы жаусын, – дейтін. Оған анасы:
- Саған да тыныштық тілеймін, ұлым. Аллаһ Тағаланың құрметін иелен, оның рақымы түссін, – деп жауап қайтаратын. Әбу Хурайра :
- Аллаһ Тағала саған, кішкентайдан мені өсіргеннің үшін рақымшылық берсін, – деп сөзін жалғастыратын Әбу Хурайра. Сонда анасы :

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2495
Печать

Қайсы іс маңызды?Ескі бір қауымда Журейж атты көп ғибадат ететін бір жігіт болыпты. Күндіз-түні ғибадат ететін. Бұл жігіттің кәрі анасы бір күні:
Балам, келіп маған мына істерде көмектес! — дейді.

Бұл кезде баласы нәпіл ғибадаттар жасап отырып келмеді. Анасы бұған қатты ренжіп былай деп бетдұға (қарғыс) етеді:
Жаман әйелдердің жаласына жем бол!

Олармен көрші тұратын жаман әйел бар еді. Бұл әйел бір күні қойшыдан некесіз түрде жүкті болады. Сол заманның әміршісі, болған жағдайдың анық-қанығын білуді бұйырады. Әйел жазаланудан қорқып кінәні көршісіне, ғибадат етуші жігітке жауып жібереді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2346
Печать

Жақсылық пен ЖамандықЖасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2279
Печать

Құрыдым, масқара!Жұмысқа жаңадан кірген жас инженер жиналыс кезінде үстел үстіндегі газетке қарап отырып, кенеттен сағатқа көзі түсіп кетіп орнынан ұшып тұрады да «Құрыдым, масқара» деп, жүгіріп бөлмесіне кіріп кетеді де есігін құлыптап алады.
Барлығы не болғанын білмей абдырап қалады. Фирма басшысы жиналысты тоқтатып:
– Оған бір нәрсе болып қалды ма? Абайлаңдар, өзін өлтіріп жүрмесін,- деп алаңдаушылық білдіреді.
Қалғандары өз пікірлерін айта бастайды:
– Білесіздер, бүгін биржа тұрақсыздыққа ұшырады. Оның үлкен үлесі болған шығар.
– Пайыз бен репо болуы да мүмкін. 200 пайыздан асты.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 1939
Печать

Ит пен қораздың тіліКүндердің күнінде бір адам Мұса алейһиссаламға келіп:
— Ей Мұса, мен үшін бір дұға етсеңіз жануарлардың тілін түсінетін болайын, олардан өзіме сабақ алып, жақсы адам болар едім - деп өтінеді. Сонда Мұса алейһиссалам:
— Сен үшін осы халің қайырлы (жақсы), көтере алмайтын жүкті арқалауға тырыспа - деп жауап береді. Бірақ әлгі адам айтқан тілді алмай, қайтпай тұрып алады:
— Ей Мұса нең кетеді, ең болмаса есігімнің алдындағы итпен қоразымның тілін түсінетін болайын - деп жалынады. Соңында Мұса алейһиссалам дұға етеді. Әлгі адам қуанып үйіне қайтады. Ертеңіне қызметшісі дастархан даярлап жүргенде қолынан нан түсіп сыртқа домалап кетеді. Қораз жүгіріп келіп нанды шұқып жей бастайды. Оны көрген ит:

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2862281
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
189
316
809
5488
15396
2862281