Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3393
Печать

kum-men-tasЕкі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!»

Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады.

Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы құтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», - деп жазады.

Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:

– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? - деп сұрайды. Сонда досы:

– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..

Ғибратнама: Достарымызды көбейтіп, достығымыздың баянды болуын қаласақ, қайғыларымызды құмға, қуаныштарымызды тасқа жазуды үйренейік.

Пікірлер  

 
Ғалия 27.12.2014 13:34
Тамаша екен бала шағаларымыз интернеттен бір біріне бос әңгіме жазып оқығанша осындай ғибратты әңгімелер оқыса ғой
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 21.01.2016 22:46
Ғалия дұрыс айтасыз.Ал әңгіме тамаша екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сұлтанбибі 10.11.2016 12:20
Жүрекке қайғы, мұң, өкпе атаулыны көбейтсеңіз денсаулығыңызда кінәрәтта көбейеді. Қуанып, күліп, көңілді жүруге тырыссаңыз көңіл-күйіңізде, денсаулығыңызда жақсара түседі.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Қарандаштың қасиеті

    Тоғжан
    Сіздің әңгімелеріңізді өз парақшама салсам ...
     
  • Истихара намазы

    Жанар
    Алла разы болсын! Аллам әрбір ісімізді бізге қайырлы ...
     
  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...

Статистика

2862301
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
209
316
829
5508
15396
2862301