Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3507
Печать

sen-bagalagandy-sende-bagalaӘйгілі пианист Артур Рубинштейн өзінің концерттік кешін бітіріп, сахнадан шықкан сәтте, кішкентай бір қыз қолына қойын дәптерін алып, қолтаңба алмақшы болады. Артур қолым қатты талып тұр деп бас тартқандай ыңғай білдіреді. Сонда әлгі қыз ренжіген сыңай танытып: «Қолыңыздың талып кеткенін білемін. Бірақ менің де қолым мәз емес».

– Не үшін?

– Сіздің өнеріңізге тәнті болып, концерттің басынан соңына дейін үнемі тоқтамастан қол соғып отырдым.

Мұндағы ғибратты бір ауыз сөзбен айтқанда: «Сені бағалағанды сен де бағала».