Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4965
Печать

baska-pale-tildenҮшінші сыныптағы бүгінгі «Ана тілі» сабағы жылдам өте шықты. Мұғалім әдеттегідей үй тапсырмаларын сұрады да, іле жаңа сабақты бастады.

– Балалар, – деді ағай. – Тіл сөзіне байланысты сөйлем құрандаршы!
Оқушылар ойланып қалды. Аяқастынан қайдан табыла кетсін? Жоқ олай емес… Табылды. Дәйім тап-тұйнақтай жинақы жүретін үздік оқушы Күлтай қол көтерді.

Одан кейін Сәуле, Мейрам, Жақсыбай, Манар, Болатбек, Мақпал…
– Ал, балалар, асықпай… кезек-кезек айтындар.
– Қос тіл – қос қанатың.
– Дұрыс-с…
– Тіл – қатынас құралы.
– Жөн-ау…
– Тілі байдың – ойы бай…
– Бұл да жөн…
– Тіл ауыздың ішінде… – Аңқау Жақсыбайдың сөзіне балалар ду күлді. Жақсыбай болса айылын жияр емес.
– Ағай, неменеге күледі балалар… Мен тапқан сөйлем ішінде «тіл» деген сөз бар емес пе?
– Оның рас… Жарайды, отыра ғой…
– Болды ма? Енді қосатындарың жоқ па? Оқушылар үнсіз. Осы кезде артқы партада отыратын мінезі біртоға Ақылбек қолын көтерді.
– Айта ғой, Қасымбеков.
– Бар пәле – тілден…
– Өте жақсы айттың! Бұл мақал ғой, – деді мұғалім. Оқушылар әлі үнсіз. – Ал, Ақылбек, айта қойшы. Осы сөздін мағынасын қалай түсіндіресің?
– Менің атам 81-де, – деді Ақылбек. – Нағыз мұсылман… Бес уақыт намаз оқиды. Әлі тың. Сергек. Осы күнге дейін атқа ешкімнің көмегінсіз өзі мінеді. Шөп шалғымен шөп шабады. Өзі жинайды, өзі тиейді арбаға. Әрине мен де қол ұшын берем… Атам бес уақыт азан шақырады. Мен ұйып тыңдап отырамын. Өйткені «азан дауысына және намаз оқығанда көңіл қойып тыңдаудың – өзі үлкен сауап» дейді атам. Азан шақырылған шаңыраққа Алланың нұры түсіп тұрады дейді. Үйге құт-береке кіреді. Ырыс пен бақ молаяды…
– Ағай, Ақылбек негізгі тақырыптан ауытқып кетті, – деді қашанда бүйректен сирақ шығарып жүретін Күнес.
– Қызық екен…
– Естімеген әңгімеміз…
– Қайдан біледі… – деп сыбыр-күбір өрбітті балалар.
– Айтсын, айтсын, – деді енді бір оқушылар.
– Әлгі сөзіңнің мағынасын түсіндіре ғой, – деді мұғалім. Түсіндіріп көрейін… – Ақылбек әңгімесін сабақтады.
– Атам тақуа адам. Арабша аздап біледі. Құран Кәрімді ылғи оқып отырады… Құран деген сөз араб тілінде оқу дегенді білдіреді екен… Және атам кімде-кімнің үйінде қасиетті Құран кітабы болса, оны оқып отырған ләзім дейді… Немерелері – бізге дәйім шариғаттан әңгімелер айтып береді. Мұсылмандық қағидалары туралы түрлі-түрлі кітаптарды оқытады. Жақында мен атама «Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері» деген кітаптан «Адам бәлені тілінен табады», «Бар пәле тілден» деген хадистерді оқыдым. Ол жөнінде атам бізге былай деп түсіндірді.
Адам тіліне абай болу керек. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйлеген жөн. Әлгінде Күнес оқыстан байбалам салды. Қисынсыз әңгіме айтты. Сөйтіп, менің көңіліме кірбің түсірді. Мұндай ерсі қылық өзге балалардың бойында да кездеседі. Сол үшін тіл сүйексіз екен деп, орынды-орынсыз сөйлей беруге болмайды. «Басқа пәле – тілден» деген – осы…
Мұғалім де, оқушылар да үнсіз…
Күнестің ашуы келді… Алғаш рет сыныптасы Ақылбектің сөзіне жауап қайтара алмады.

Толымбек Әбдірайым

Пікірлер  

 
Әсел 02.05.2014 23:20
ote tamawa ote oryndy aitylgan
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ерекше 31.05.2014 16:47
Толымбек Әбдірайым, сізді вконтакте немесе тағы басқа соц. сеттерде қалай табуға болады?http://gibrat .kz/gibratnama/urpak ka-ulagat/195-baska- pale-tilden.html#
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Толымбек 05.11.2014 14:38
Толымбек Әбдірайым деп тек қазақ әрпімен теріңіз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Тәңірберген 05.11.2014 14:49
Төке, осындай әңгімелеріңізді көп жазып, кітап етіп шығарсаңыз. Мұндай шап-шағын дүниелер балаларға да, тіпті біз сияқты кешегі атеистік тәрбиеге әбден уланған үлкендерге де насихат! Үлгі-өнеге деп ойлаймын өз басым. Мәселен, менің қауашағыма сіздің бұл мысал әңгімеңіз бірден тық ете қалды. Алла риза болсын, сізге!Зор құрметпен, кешегі ұстаз, бүгінгі зейнеткер Тәңірберген Уәлихан ұлы.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Фатима 09.04.2015 21:38
"Басқа келер он пәленің тоғызы - тілден", - деген...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айнур 10.04.2015 17:45
ӨТЕ ӘДЕМІ ЖАЗЫЛҒАН ӘҢГІМЕ. расында бәріміз де басымызға пәлені тілімізден табамыз. Осындай мағынасы адамдарға үлгі болатындай шығармаңыз көп болсын деп тілемін.ҚАЛАМЫҢЫЗ ЖҮЙРІК БОЛСЫН.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нурлан 10.04.2015 17:51
Керемет әңгіме. Ойланып сөйлеу керек. Мектеп оқулығына кіргізетін әңгіме екен. Қаншама мағына жатыр.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айдос 16.06.2016 14:03
Тил тас жарады,тас жармаса бас жарады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаиыркүл 12.12.2018 17:49
Иә, бүгінгі күнде Ақылбектің атасындай ақылды, данагөй, көкірек көзі ашық аталар жоқтың қасы десем өтірік болмас. Осындай әңгімелерді отбасында айтып отыруды әдетке айналдыру керек.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2757519
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
319
415
1138
12625
18865
2757519