Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4479
Печать

ana-osietiИсламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.

Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:

  1. Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол.
  2. Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
  3. Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
  4. Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
  5. Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
  6. Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
  7. Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
  8. Оған қарсы шығушы болма.
  9. Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
  10. Күйеуің қайғырып отырғанда — сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде — сен қайғырма»

Пікірлер  

 
Шолпан 19.08.2014 19:40
Мақалаңызға рахмет,Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз көп болса ғой шіркін...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нұрболат 27.03.2019 16:59
Цитирую Шолпан:
Мақалаңызға рахмет,Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз көп болса ғой шіркін...

Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз көп болса ғой шіркін
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 03.09.2014 16:30
Е армандап қалады екенсің!!! Алла разы болсын!!! Осындай аналарымыз көп болғай!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Перизат 09.09.2014 13:19
Иә, расында өте керемет айтылған. Қыз балалар үшін маңызы мол деп ойлаймын. Бұл өсиеттерді жадында ұстайтын бойжеткеннің болашақта аяулы жар, үлгілі ана болатынына сенемін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ozgeris 04.03.2015 19:35
ia rasinda ote keremet aitilgan osilai bolsah mash allah bahiity bolamiz.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сержан 07.03.2015 17:23
Әссәләмұғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу құрметті ағайындар, осындай өсиет айтатын аналарымыз қайдан туындайдыә әлбетте иманды болса, Алладан қорқатын тақуа болса, осындай болары сөзсіз.Ләйім сондай аналарымыз көбейсін. Әмин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Марзия 21.01.2016 11:58
Осындай аналарымыз, одан нәтиже шығаратын ұл-қыздарымыз көп болғай, осындай аналарымыздың қатары көп болса елімізде тәрбиелі ұрпақ көп болары сөзсіз Алла қаласа солай болғай
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711269
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
393
452
4226
5074
17574
2711269