Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 6631
Печать

akem-baldakty-adamМенің әкем балдақпен жүреді. Әкем — балдақты адам. Мен оған еш намыстанбаймын. Бір-бірімізді жетектеп жүріп, өмір қиыншылықтарын бірге жеңіп келеміз.

Әкемнің қалай балдақ ұстауға мәжбүр болып қалғанын білмеймін. Оның айтуы бойынша, мен әжемнің қолында өсіппін. Бірінші сыныпқа барғанда, анаммен мектепке келдім. Әкем біздің қасымызда ұзақ жыл болмады. Көбіне әжемнің қолында тәрбиеленгендіктен, ата-анаммен ісім болмайтын. Өйткені мен тәрбиеленген үйде маған қажетті нәрсенің барлығы бар еді.

Содан, бір күні әжем маған:

— Әке-шешеңе барамыз, — деп, қала маңындағы бір ауылға келдік. Ол кісі өте мықты болатын. Балаларына еш салмақ салмайтын. «Волга» көлігін айдап жүре беретін. Сонымен, келсек, әкем бізді есік алдында балдақпен тұрып қарсы алды. Мен ешнәрсе түсінбедім. Үйге кірсек, тіпті дастарқан жасалмапты. Ұзақ жол жүріп келген менің көзім бірден жейтін нәрсе іздеді. Анам әбден жылаған, көзі қызарып тұр. Әжеме көп нәрселерді айтты.

— Келін, мына балаға жаның ашымаса, екеуін де алып кетемін. Балама зорлап сені ешкім қоспады. Күйеуің ақша тауып, дүрілдеген кезде, жер-көкке сыйғызбап едің. Мүгедек болғанда, саған салмағы түсті ме? — деп біраз сөйледі. Мені ойнап кел деді де, өздері сөйлесті. Мен далада мұңайып отырмын. Анамның мүгедек азаматпен бір шаңырақтың астында тұра алмаймын, ажырасамын дегенін естідім. Әкем тіс жармады. Бір кезде бәрі далаға шықты. Жүгіріп қастарына келдім. Әкем:

— Сен шешеңмен қаласың ба, әлде бізбен кетесің бе? — деді. Мен жыларман болып, әжеме тығылдым. Өйткені анамның жанында тіпті болған емеспін. Анам дегенім болмаса, маған жат адам секілді.

— Жаныңның барында айт, — деп, әкем зекіп жіберді. Анам: «Сендер балаға жаман үйре-тіп жатырсыңдар. Бала менікі», — деп, маған тура жүгірді. Әжем білегінен ұстады да:

— Қызым, бала сенікі, сәл есіңді жи. Жағдайыңды жөнде. Содан кейін алып кетесің, — деді.

Үйдегі әкемнің заттарын салып алып, ауылға келдік. Әжемнің үйіне келген соң, көрші-қолаңдар кіріп-шығып жатты. Әжемнен сұрап едім, «әкеңмен сәлемдесіп жатыр» деп жауап берді. Бар білетінім — сабақ, одан қалды компьютер. Мен әкемнен ешнәрсе сұрамаймын, ол да ашылып ешнәрсе демей жүріп жаттық.

Әжем: «Мына жуатай мектепті бітіріп, оқуға түссе қиналады», — деп, үйді, мал-мүлкін сатып, қалаға көштік. Пәтер сатып алмады. Жекеменшік үй алып, жанынан дүкен ашты. Бір бөлмені «Аяқ киім жөндеу» дүңгіршегіне айналдырды. Әжем сатушы, өзі тасушы. Әкем етікші. Біраз уақыт шаруасын дөңгелеткен соң, монша, асхана ашты. Ауылдағы жұмыссыз бала-шағасын, немерелерін әкеліп, жұмысқа салып қойды. Жері кең үй екен, созыла беретін сияқты. Әкем екеуіміз ұзақ сырласамыз. «Тағдырым» деп арақ ішіп кетпеген. Темекі де тартпайды. Әжемнен оның жағдайын суыртпақтап сұрасам, «тағдырдың маңдайына жазғаны» дегеннен аспайды.

Уақыт деген — зымыран. Анам болса, сол күйі бізге жоламады. Әжемнің жанында жүргендіктен, мен соншалықты анамды іздемедім. Мектепті жақсы бітірдім. Жоғары оқу орнына да қиындықсыз түстім. Әкем оны туыстарына «жуып» берді. Анамды шақырттық. Бірақ міз бақпады. Оқу басталар алдында маған: «Менің көзімнің тірісінде үйлен. Мен олай-былай болып кетсем, далада қаласың. Әкеңе қарайлап жүріп қалсаң, жағдайларың қиын болады», — деді. Алла әжемнің тілеуін берді ме? Үйленетін болып, шештім. Қызымды үйге таныстыруға әкелер шақта: «Менің әкем мүгедек. Балдақпен жүреді», — деп қойып қалдым. Қызым да ойланбастан: «Несі бар? Екеулеп күтеміз», — деді.

«Мойнымнан бір ауыр жүк түсті» деген нақылдың мәнін енді түсіндім. Міне, содан бері тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Әжем бақилық болған. Бүгінде көп балалы әкемін. Әлеуметтік жағынан жалғыз екенімді сезбегеніммен, туыстық жағына келгенде қатты жалғызсыраған кездерім болды.

Басымнан кешкен өмірім-ді өсиет етіп айтатындай жағдайды көрген соң, жастар-ға өнеге болсын деген ниетпен қолыма қалам алған едім. Жақында балдақты жанды көрдім. Күтімі болмағандық-тан, алақан жайып, садақа сұрап жүр. Ішімнен: «Мына азаматтың да жанұясы болды ғой. Балдақтысың, көп ақша таппайсың», — деп, әйелі, бала-шағасы далаға лақтырып жіберген ғой. Әжемнің ақылдылығы болмаса, кім біледі? Әкем түгіл мен қаңғып қалатын едім. Біздің тұрмысымызды түсініп, балдақты әкемді өз әкесіндей алақанға салып күтіп келе жатқан әйелімді мақтарға сөзім жетпейді.

Пікірлер  

 
Бақтияр 19.08.2014 12:28
- Өмірде "Бақыт" деген не?- десе,
- ЖАҚСЫ ЖАР,- деп жауап беруші едім!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 28.08.2014 11:46
Болаттай мықты кісі екен!!! Ескексіз қайықта өмір сүру оңай емес қой!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Әсел 23.09.2014 15:39
Басыңыздан кешкен бұл оқиға барлық адамдарға үлгі боларлық екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ләйлә 08.11.2014 12:24
Иа,өте ғибратты әңгіме. Қазіргі қоғамда бұндай оқиғалар көптеп кездеседі. Үлкен кісілер қандай асыл болған, еш нәрсеге мойымай барлық қиыншылықты жеңе білген.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Серик Б 26.11.2014 14:57
Жарыныз оте мыкты екен бакытты болыныз
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Каныш 28.12.2014 14:41
Озгеге онеге боларлык ангиме.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сержан 05.03.2015 11:37
Иә әйел үйдің көркі деп Қазақ ата-бабаларымыз текке айтпаған ғой.Бұл әйел иншаа-Аллаһ жәннәти неге десек, и әйелдің жәннәтқа кіруі ерін разы қылу, ал еркектің жәннатқа кіруы Анасын разы қылу деген хадистердің мағанасында. Аллаһ разы болсын бұл әйелге, разы да инша-Аллаһ. Әмин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шырын 11.04.2015 13:28
Асыл ана деген осы.Өз баласын жеткізіп ,одан қалды немересін жеткізген.Осындай асыл аналары қазақтың көп болсын.Әжеңнің жаны жәннәтта болсын. Адамдар бір-бірінің қадірін білсе ғой. Қандай қиыншылық болса да, бірін-бірі сүйреп бұл жалғанда өмір сүреді. Өнегесі мол әңгіме екен. Осы мақаланы жазған адамға Алла риза болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Марзия 21.01.2016 11:14
Бақыт деген адамның бірін бірі сыйлап, қадір тұтуы. Баланы анадан артық түсінуші адам бар ма екен. Анамыз болғанына Аллаға шын разылығымызды білдіруіміз керек.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нурай 30.01.2016 18:55
Бақыт деген тату- тәтті отбасы мен отбасыңның амандығы емес пе? Барлық мұсылманның жанұясы аман болсын. Аумин!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Багила 09.08.2016 10:31
Ғибратты әңгімеңіз өте орынды жазылған! көзге жас келеді,бақыт деген тату тәтті отбасы жанұямыз аман болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаиыркүл 12.12.2018 17:24
Шынымен де, дүниенің жақсы -жаман болуы әйел затына байланысты. Алладан кейінгі шебер, ол-әйел. Бірақ,әйел заты, жақсылық жаныңды жылытатынын ұмытып кетпей, бар еркімізді жақсылық жасауға бұрайық. Ер-азаматтарды құрметтеу бізге дейін де, біздің уақытта да, бізден кейін де жалғасатын үрдіс, тәрбие, дәстүр. Ер-азаматты қорлау-сенің ақылдылығыңды, артықшылығыңды көрсетпейді, керісінше...
Болашақ келін, ана, отбасының ұйтқысы, отбасының жылуы, мерейі қыздарымыз тәрбиелі болса екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711249
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
373
452
4206
5054
17574
2711249