Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 14077
Печать

shynaiy-mahabbatОл күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік.

Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Бір бірімізге бейтаныс болдық. Оның маған жұмсаған уақыт пен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа кісіні жақсы көремін.

Келесі күні кешкісін үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрселер жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шарттарын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай жасырын ұстауын сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп жалғыз ұлымыздың 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, қабылдау емтихандары кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім екінші шарты да бар болатын. Үйленген күні есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апаруымды сұрады. Басында есінен ауысқан ба деп ойладым, бірақ өткен жылдардың құрметіне келістім.

Сол күні сүйіктім Ребеккаға әйелімнің осы шарттары туралы айтып едім, күліп жіберді де, әйелің бір қияли екен деп айтты. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан ол да келісті.

Бірінші күні ешбір сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды маған, көтергенімде артымызда тұрған ұлымыз бізге қарап қуанышын жасыра алмады "Бірбіріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті" деп күлімдеп тұрды, сөздері ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін 10 метрдей қашықтықты құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып қойып, құлағыма ‘Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма’ - деді. Мен де оған қарап, жарайды дедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол автобус аялдамасына барып, жұмысына баратын автобусын күтті. Мен өз жұмысыма кеттім.

2 ші күні бұл ойынымызды ойнау оңайырақ болды. Оған көптен бері назар аудармаған мен оның бетіне түскен майда әжімдерді енді байқадым. Шаштарында да ақ шаштар пайда болыпты. Өткен жылдардың іздерін көру ойландырды.

4 ші күні оны құшағыма алғанымда бір сенімділік сезімі ұялады ішімде. Маған өмірінің 10 жылын сыйлаған әйелге деген керемет бір сезім. 

5 ші күні ішімдегі сезімдер күшейе бастады. Ребеккаға бұл туралы айтпадым. Әйелімді күннен күнге көтеріп есікке дейін апару екеумізді де бақытқа бөлей бастады.

Бір күні оның не киім киетінін ойлап тұрғанын көрдім, бұрынғы киімдерінің бәрі үлкен болғанын айтты. Расында да соңғы күндері қатты арықтап кеткенін сонда байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз "Әке, анамды құшағында тасуың керек" деді. Әкесінің анасын бөлмелерінен есікке дейін тасуы өміріміздің бір дәстүрі болды. Әйелім ұлымыды қасына шақырып, күлімсіреп құшақтады. Ол күні оны құшағыма алып тасығанымда тура үйленген жылдарымыздағыдай сезімдер кештім.

Сезімдерім еріксіз өзгере бастады. Соңғы яғни отызыншы күні оны есікке дейін апарғанымда, одан барлық көрсеткен қиыншылықтарым үшін кешірім сұрадым және сол күні Ребеккаға барып, ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені, сезімдердің жоқтығынан емес, бір-біріміздің қадірімізді ұмыта бастағандығымыздан екенін түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүлдер сатып алып, араларына ”сені өмірімнің соныңа дейін құшағымда таситын боламын” - деп жаздым.

Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте жатыр екен. Қасына бардым әйелім демалмай жатыр екен. Дәрігерлерді шақырдым. Дәрігерден әйелімнің біраздан обыр ауруымен ауырғанын және содан қайтыс болғанын естідім. Қатты өкіндім.  Ребеккамен жүріп, әйелімнің  соңғы айлар бойы обыр ауруымен арпаласқаның білмей де қалыппын. Ал ол менің қамымды ойлап өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, ұлымыздың алдында мені анасын тастап кеткен жаман әке ретінде көрсетпеуге тырысыпты. Ең болмағанда ұлымыздың есінде жақсы мені жақсы әке жақсы жұбай болып қалуымды қалапты.

Ғибратнама: Қасымыздағы адамдардың қадірін жоғалтқанда ғана түсінбей, барында бағалай білейік.   

Пікірлер  

 
Асел 30.06.2014 13:00
Осы ғибратнаманы жазған адамға АЛЛАның нұры жаусын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асел 30.06.2014 14:04
Көптеген адамдар осы пайдалы ғибратнаманы оқымайтындары өкінішті.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
manshuk shamanova 30.06.2014 15:14
Өмір деген өткінші,алдамшы ғой,бес күндікте ақыретке сауап жинайық
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сәбит 24.07.2014 03:16
Жар қадырын түсіну, өз бақытынды бағалау. Ең бақытты адам жанұясында бақытты жан. Ең бақытты адаммын!!!!!!!!!!!!! !!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сания 18.08.2014 15:41
айтады ғой қолда бар алтынын қадірі жоқ деп. Сол үшін жанымыздағы
адамдардықадірін білейік
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сания 18.08.2014 15:44
Өкінішке орай пайдалы ғибратты әнгімені оқымайтындарына.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шолпан 19.08.2014 19:32
Алла разы болсын,қаламыңыз мұқалмасын!Ин ша Аллах озіңіз сиякты мәні бар мақала жазатын жазушыларымыз коп болғай...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ГАБИТ 28.08.2014 11:01
МашАллах оте сезимтал ангиме екен!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
гүлмира 21.09.2014 09:14
Ғибратнаманың өмірлік мәні керемет. Тек бір түсініксіздеу жері: отасқанына 10 жыл,ал баласы университетке түсетіндігі қалай?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айжан 18.11.2014 14:14
Жазган кiсiге рахмет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Серик Б 26.11.2014 15:11
ДА жигиттер оте жаксы жазылган колда барда алтыннын кадири жок деген осы болар ...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Каныш 27.12.2014 14:47
Ауыр окига екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
AidosNAMAZBAY 10.01.2015 12:43
Осыны өкінішке орай көбісі оқымайды.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айтбеков Максат 19.01.2015 16:26
Ассалаумагалейкум жамағат!!!! Аллаh разы болгай баршанызга,,,, Иншаллаh осы гибратты ангимелер жас отбасыларга берер пайдасы болып жатса нур устине нур болмақ... Достарымызга туган туыстарымызга жеткызейк,.. Балким бизге берилетин бир жауапкершилик ретинде карайык...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сержан 05.03.2015 09:32
Әссәләмұғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу құрметті от жан ұялар, осы ғибрат әнгімеден үлгі-өнеге алайық. біздің де басымыздан осындай оқға кешіп жұрміз, енді иншаа-Аллаһ осы ғибратқа амал қылам деп ниет қылып отырмын, біздерге дұға қылыңыздар иншаа-Аллаһ, баршаларыңызға Аллаһ-Тағала разы болсын. Дұға, Дұға, Дұға иншаа-Аллаһ.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шырын 11.04.2015 11:58
Өте мәнді де мағыналы мақала екен.Қазақта айтпайды ма."Жастай қосылған жарыңа не жетсін"- деп. Бұл тірлікте бір-бірімізді аялап өткенге не жетсін. Осындай мағыналы тәлім-тәрбиесі бар мақаларыңыз көп болсын. Алла сізге риза болсын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асқат Құлжабеков 21.08.2015 15:50
Аллаh разы болсын. Журектен шыққан сөз жүрекке жетеді деген ғой. Аллаhтың нұры жаусын. Әттең, адам баласы ертеңгі күнді білмейді ғой. Деседе қасымыздағы аяулы жандарамыздың барына Аллаға шүкіршілік етейік.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жанна 26.08.2015 18:53
Мәні зор әңгіме екен. Көзімдегі жасым тоқтар емес...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Таншолпан 24.10.2015 11:41
Оте жаксы жазылган ангиме екен.Козиме жас келди.Алланын нуры жаусын. Тири кезимизде бир-биримиздин кадиримизди билейикши. рахмет улкен ой туйерлик,сабак алатын создер оте коп болды.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нурай 30.01.2016 18:40
Өте жақсы жазылған. Көптеген адамдардың осындай ғибратты әңгімелерді оқымайтыны өкінішті....
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Багила 09.08.2016 10:13
Сәлеметсіздерме! өте әсерлі әңгіме екен.Алланың нұры жаусын сізге!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сұлтанбибі 10.11.2016 12:52
:sad: :cry: :cry: Әйел адамның жүрегі кең бәрін ішке сақтайды. Ал ерлер болса көбіне көп түсіне бермейтіндеріне қарным ашып жылап отырм.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
САМАТ 14.11.2016 10:43
БІРГЕ ТҰРГАНДАРЫНА 10 ЖЫЛ БОЛСА БАЛАСЫ КАЛАЙ УНИВЕРСИТЕТКЕ ТУСЕТИНДЕЙ ЖАСА ЖЕТИП КАЛДЫ
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Дина 11.01.2017 02:00
Ассаламу алейкум. Аллаһ разы болсын! Бір деммен оқып шықтым. Тартымды дүние екен.
Ал, Самат мырза, сұрағыңыздың жауабы мынада: "Мұхтар Әуезовтің көркем шындықты игеру тәжірибесі әлемдік әдебиеттегі сирек құбылыс. Өмірлік шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасын салыстыра талдасаңыз, шындығында да, жазушының «қиыннан қиыстырған» көркем ой қуатына таң қаласыз. Эпопеяға шіміркендіре желі тартқан негізгі оқиғалар мен сюжеттің бір де біреуі өмірлік шындыққа сай келмейді.
Мысалы: Қодар – Қамқа қасіреті өмірде болған оқиға және оны Абайдың көруі мүмкін емес. Өйткені оқиға ол тумай тұрған кезде өтіп кеткен. «Мұсақұл соғысында» ара ағайындыққа жүруі де неғайбыл. Себебі ол қақтығыс 1845-1846 жылдары, Абай жөргекте жатқанда орын алған. Бөжейдің асын көруі мүмкін, алайда асты басқарып, атағын шығарған емес. Бөжей Абайдың бес жасында, 1850 жылы дүниеден қайтқан..." (Тұрсын Жұртбай "Бейнет сусыны").
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мырзағали 09.02.2017 22:20
Омірлік мәні бар оқиға
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Балқис 07.06.2017 09:24
Ассалямуалейкум барша мусылман қауым!сиздерди қасиетті рамазан айымен ж/е ұстаған оразаларыңызбен шын жұректен құттықтаймын!қолда барда алтынның қадыры жоқ деген осы.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Біржан 20.09.2017 17:42
Ма Ша Аллах козиме жас келип окып шыктым. Ияя, кадирлеринизди кеш тусингениниз окиништи екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Майрагүл 05.11.2017 15:32
Керемет әсерлі қасындағы шын жанашырынды багалай біл!!Адам нәпсіні жеңу керек!Өте ақылды әйел
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
зиба 30.11.2017 23:19
осының киносы да бар аянышты
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Zhandos 05.09.2018 23:48
Керемет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаиыркүл 12.12.2018 17:36
Самат бауырым, пікіріңді оқып, Дина сіңлімнен жақсы жауап алдың. Бірақ бұл әңгіменің басты мақсаты -адамдар арасындағы сыйластық, құрмет, бірін-бірі бағалау. Көп жағдайда осы қасиеттер жетпей жатады ғой, соның салдарынан түрлі келеңсіздіктерге жол беріледі, опасыздық жасап жатады. Бар нәрсенің қадірі барында, жоғалтқан соң өкініш болады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711211
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
335
452
4168
5016
17574
2711211