Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 15957
Печать

Қажет намазыҚажет намазының анықтамасы

Қажет намазы: пенденің Алла Тағаладан кеңшілік пен ризық несібенің көбеюін, таршылық пен машақаттан құтылуды немесе арман-тілегінің орындалуын тілеп оқитын арнайы намаз түрі. Кейде мұсылманның басқа бір адамға күні түсіп яки болмаса Раббысынан тікелей сұрайтын бір мұқтаждығы болғанда сол арман-тілегінің орындалып, ісінің жүзеге асуы үшін Алла Тағалаға бет бұрып, қажет намазын оқиды.

Қажет намазының шариғаттағы үкімі

Ислам шариғатының білгірлері бірауыздан қажет намазының орындалуы ұнамды — мұстахаб амал екендігін айтқаи.

Олар Термезидің Сүнән кітабындағы Абдолла ибн Әбу Әуфадан (р.а.) жеткізілген хадисті дәлел ретінде келтірген. Онда Расулалла (с.ғ.с.): «Кімнің Аллаға немесе адамдардың біріне қажеті болса, жақсылап дәрет алып, екі рәкағат намаз оқысын. Сосын Аллаға мадақ, Пайғамбарына салауат айтсын. Сонан соң мына дұғаны оқысын», — деп дұғасын айтып өткен. (Термези риуаят еткен, 479).

 

Қажет намазы қанша рәкағат?

Қажет намазының рәкағаттарының саны туралы шариғат ғұламаларының пікірлері әркелкі. Бұл осы намазға байланысты риуаяттардың әртүрлі болуына байланысты. Олардың жай-жапсары төмендегідей.

Екі рәкағатты қажет намазы. Мәлики мен Ханбали мазһабтарының өкілдері қажет намазы екі рәкағат деп ұйғарған. Шафиғи мазһабында да осы пікір кең тараған. Олар жоғарыда айтылып өткен Абдолла ибн Әбу Әуфаның (р.а.) хадисі мен Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткізілген мына хадисті алға тартқан: «Расулалла (с.ғ.с.) былай деді: «Ей, Әли! Көңілің қамығып, торыққанда оқитын бір дұға үйретейін бе? Сонда сол дұғаң Алланың қалауымен қабыл болып, қасіретің сейіледі. Дәрет алып, екі рәкағат намаз оқы, Аллаға мадақ айт, пайғамбарыңа салауат айт, өзіңе иман келтіргендерге жарылқау тіле...».

Төрт рәкағатты қажет намазы. Әбу Ханифа мазһабындағы ғұламалар қажет намазын төрт рәкағат деп белгілеген. Солардың бірі Ибн Абидиннің айтуынша қажет намазы құптан намазынан соң төрт рәкағат етіп оқылады. Олар Юсуф ибн Абдолла ибн Сәламнан» жеткізілген мына хадисті басшылыққа алған. 

Ол былай деген: «Бірде Әбу Дәрда (р.а.) қайтыс бодардан бұрын төсек тартып қалды да мен оған бардым. Сонда ол маған: «Әй, бауырым, бұл елге не үшін келдің?» — деп сұрады. Мен: «Ешнәрсе үшін емес, тек әкем Абдолла ибн Сәламмен байланыстарың үшін ғана келдім», — деп жауап бердім. Сонда ол: «Қазір өтірік айтатын уақыт емес. Мен Расулалланың (с.ғ.с.) былай дегенін естігенмін: «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, сонан соң қорыққан кейіпте рукуғтары мінсіз төрт рәкағат намаз оқып, сосын Алладан жарылқану тілесе, күнәлары кешіріледі».

 

Он екі рәкағаттық қажет намазы. Уаһиб ибн әл-Уирдтен жеткізілген хабарда: «Он екі рәкағат намаздан оқыған соң пенденің қылған дұғасы кері қайтарылмайды», — делінген. Ибн Абидиннің Хашиясында қажет намазының он екі рәкағат екендігі айтылады. Бұл пікірді Имам Ғазали да қолдаған.

 

Қажет намазының орындалу түрі

Қажет намазын екі рәкағат деушілер бұл намаздың әрбір рәкағатында әдеттегі намаздардағыдай Фатиха сүресі мен қосымша аяттар оқылады деген. Олардың пікірінше намаздан соң Аллаға мақтау-мадақ, Оның елшісіне салауат айтады. Сосын дұға тілеп, Жаратқаннан қажетін сұрайды.

Ал қажет намазы төрт рәкағат деп ұйғарған ханафи мазһабының өкілдері алғашқы рәкағатта Фатихадан кейін Аятул-Курси, екінші рәкағатта Ықылас сүресі, үшінші рәкағатта Фалақ сүресі, ал төртінші рәкағатта Нас сүресі оқылғаны дұрыс деп шешкен. Қажет намазын он екі рәкағатқа созушылар әрбір рәкағатта Фатихадан соң Аятул-Курси мен Ықылас сүресін оқып, әрбір екі рәкағаттан соң әдеттегідей тәшәһуд дұғасын айтады дескен.

 

Қажет намазының уақыты

Қажет намазын белгілі бір уақытта оқу деген шарт жоқ. Сондықтан да оны күн мен түннің кез-келген уақытында оқуға болады.

 

Қажет намазынан соң оқылатын дүғалар

Бірінші түрінің оқылуы: «Лә иләһә иллаллаһул-халимул-кәрим, субханаллаһи раббил-ъаршил-ъазим, әлхамдулилләһи раббил-ъаламин, ә'сәлукә мужибәти рахматикә, уа ъазаимә мағфиратикә, уал-ғаниматә мин кулли биррин, уәс-сәләмәтә мин кулли исмин, лә тәдәъ ли зәнбән иллә ғафартаһу уа лә һәммән иллә фарражтаһу уа лә хажатан һиә ләкә ридан иллә қадайтаһа, йа архамар-рахимин».

Мағынасы: «Алладан өзге тәңір жоқ. Ол —Жұмсақ әрі Жомарт. Алла барлық кемшіліктен пәк, Ол — ұлы аршының Иесі. Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән. (Уа, Раббым!) Өзіңнен рахымыңа жеткізер істерді, кешіріміңе апаратын кесімді, әрбір жақсылықтан олжа, әрбір жамандықтан амандық тілеймін. Мен үшін кешірілмеген күнә, сейілмеген қасірет қалдырмағайсың. Өзіңнің разылығыңа жеткізер қажетімді өтегейсің, уа, мейірімділердің Мейірімдісі!». (Бұл хадисті Термези (479), Ибн Мәже (1384), Хаким (1/320) риуаят еткен).

Екінші түрінің оқылуы: «Аллаһумма әнтә тәхкуму бәйнә ъибәдикә фимә каану фиһи йәхтәлифун, лә иләһә иллаллаһул-ъалийул-ъазим, лә иләһә иллаллаиул-хакимул-кәрим, субханаллаһи раббис-сәмәуәтис-сәбъи уа раббил-ъаршил-ъазим, әлхамдулилләһи раббил-ъаламин. Аллаһумма кәшифәл-ғамми, муфаррижәл-һәмми, мужибә дәъуәтил-мудтар-ринә изә дәъуук, рахманәд-дуниә уал-әхирати уа рахимаһумә, фархамни фи хажати һәзиһи биқадаиһә уа нәжәхиһә рахматан туғнини биһә ъан рахматин мән сиуәәк».

Мағынасы: «Ия, Алла! Сен пенделеріңнің өзара тартысқан нәрселеріне үкім айтасың. Алладан өзге құдай жоқ, Ол — Биік әрі ¥лы. Алладан өзге құдай жоқ, Ол — Үкім Иесі әрі Жомарт. Алла пәк, Ол — жеті аспан мен ұлы аршының Иесі. Барлық мадақ Аллаға тән. Ия, Алла! Қайғыны Өшіруші! Мұңды Сейілтуші! Бәле ұшырағандар дұға қылғанда Жауап беруші! Дүние мен ақыреттің Рахманы әрі Рахимы! Маған осы қажетімнің өтелуіне, сәтті шығуына рақым қыл! Өзіңнен басқаның рақымына мұқтаж етпейтін рақыммен рақым еткейсің!». (Бұл дұғаны Мунзири Әт-Тәрғиб уат-Тарһиб атты кітабында 1010 нөмірімен жеткізген).

 

Қажет намазының маңызы

Осман ибн Хунәйфтен (р.а.) жеткізілген риуаятта бір зағип кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Менің көзімді жазу үшін Аллаға дұға қыл», — дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қаласаң дұға қыламын, қаласаң сабыр қыл, сен үшін сол қайырлы», — дейді. Әлгі кісі: «Дұға қыл», — дейді. Расулалла (с.ғ.с.) оған жақсылап дәрет алуды, сосын мынадай дұға айтуды бұйырды. «Ия, Алла! Мен Саған Пайғамбарың Мұхаммедпен, мейірімділік пайғамбарымен қайырылып тұрмын! (Уа, Мұхаммед!) Мен Сен арқылы Раббымнан осы қажетімнің өтелуін сұрап тұрмын. Ия, Алла! Оны (Мұхаммедті (с.ғ.с.)) маған шапағатшы ете гөр!».

Риуаят етуші кейіннен сол соқыр кісінің көзі жазылғандығын айтқан.

Асфаһани Әнестен (р.а.) мынадай риуаят жеткізген: «Бірде Расулалла (с.ғ.с.) былай деді: «Ей, Әли! Көңілің қамығып, торыққанда оқитын бір дұға үйретейін бе? Сонда сол дұғаң Алланың қалауымен қабыл болып, қасіретің сейіледі. Дәрет алып, екі рәкағат намаз оқы, Аллаға мадақ айт, пайғамбарыңа салауат айт, өзіңе, иман келтіргендерге жарылқау тіле. Сосын былай айт: «Ия, Алла! Сен пенделеріңнің өзара тартысқан нәрселеріне үкім айтасың. Алладан өзге қүдай жоқ, Ол — Биік әрі Ұлы. Алладан өзге қүдай жоқ, Ол — Үкім Иесі әрі Жомарт. Алла пәк, Ол — жеті аспан мен ұлы аршының Иесі. Барлық мадақ Аллаға тән. Ия, Алла! Қайғыны Өшіруші! Мүңды Сейілтуші! Бәлеге ұшырағандар дұға қылғанда Жауап беруші! Дүние мен ақыреттің Рахманы әрі Рахимы! Маған осы қажетімнің өтелуіне, сәтті шығуына рақым қыл! Өзіңнен басқаның рақымына мұқтаж етпейтін рақыммен рақым еткейсің!». (Әт-Тарғиб уат-Тәрһиб, №1280 хадис).

Ибн Аббастан (р.а.) жеткізілген хадисте Расулалла (с.ғ.с.) былай деген: «Маған Жебірейіл (а.с.) біраз дұғалар әкелді. Ол: «Егер сенің басыңа бір дүниелік іс түссе, ол қажетіңді былай деп сұра: «Уа, аспандар мен жерді Көркем Жаратушы! Уа, Ұлылық пен Аса Жомарттықтың Иесі! Уа, дауыстап шақырушыларға Үн Қатушы! Уа, құтқару тілегендерді Құтқарушы! Уа, жамандықты Кетіруші! Уа, рахымдылардың Рахымдысы! Уа, тығырыққа тірелгендердің тілегін Қабыл алушы! Уа, әлемдердіц Иесі! Қажетімді Сен арқылы түсіремін. Сен оны жақсы білесің, оны өтей гөр!».

Пікірлер  

 
Назгуль 09.08.2013 13:27
Ассалаумағалейкум йа Рахуматуллах!Истихар а намазы қалай оқылады соны рет ретимен айтып беринизшши,Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аманжол 13.06.2014 12:12
Ассалаумағалейкум
қажет намазында жоғарыда айтылып кеткен арабша дұғаларды оқымаса бола ма?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Әлмуһаммад 01.12.2014 09:54
Ассалауму әлейкум уа раһматуллаһу уа барактуһ,мына сайтты жасаған пендеге мыңдаған рахмет.
Сұрақ.Үйде памдат намазының 2рәәкәт сүннетін оқып мешітке барғасын мешітақы намазын оқыған дурыспа?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сабит Тауасаров 08.03.2015 22:10
Ассаламу алейкум уа рахматуллохи ва баракатух.
Кажет намазын бауырын ушин окып сурауга болады мекен ? Рахмет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ұлдана 13.07.2016 15:52
осы жерде жазылгандарды басынан аягына дин окимызба
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
НУРИЛА 22.01.2017 02:42
Осы сайтка осындай кажетти дугаларды шыгарган жанга Алла оз мейиримине болесин.Барша дуга,тилектерди Алла Кабыл етсин,Аумин!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ерке 21.10.2018 15:47
:-) Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711414
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
25
513
25
5219
17574
2711414