Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 7866
Печать

Тәһәжүд намазыАлла Тағала Расулаллаға (с.а.с.) былай уахи еткен: «Түнде оянып онымен (Құранмен) нәпіл оқы. Раббың сені мақтаулы орын5а жеткізуі мүмкін» (Исра, 79).

Тәһәжүд — түнде оқылатын намаз. Мүслімнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыз намаздардан кейінгі ең абзал намаз — түнгі намаз», — деген. Сондай-ақ сол имам Мүслімнің Сахихында Расулалланың (с.а.с.): «Түнгі намазды оқыңдар. Ол — салихалы жандардың әдеті, Раббыларыңмен жақын байланыс, жамандықтарыңды өшіруші әрі күнә істерден тыюшы», — деп өсиет еткен хадисі де бар.

Түнде намаз оқу Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қалдырмайтын әдеті болатын. Бұл туралы Айша анамыз (р.а.) былай деген:

«Пайғамбар (с.а.с.) түнде табаны жарылып кеткенше намаз оқитын. Бірде мен: «Уа, Алланың елшісі! Неге бұлай етесің? Сенің бұрынғы да, кейінгі де күнәларың кешірілмеп пе еді?», — дедім. Сонда Ол (с.а.с.): «Олай болса, шүкірлік етуші пенде болмайын ба?», — деп жауап берді». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен). Расулалла (с.а.с.) басқаларды да түнде намаз оқуға тұрғызып, соған құлшындыратын.

Рәкағат саны: Тәһәжүд намазының азы екі рәкағат, көбі сегіз рәкағат.

Оқылатын уақыты: түннің ортасы, ең абзал уақыты түннің соңғы бөлігі. Яғни таң алдындағы сәрілік уақыты, яғни ораза ұстаушының сәресін ішетін кезі.

Тәһәжүд намазынан соң Алла Тағалаға мадақ, Пайғамбарға (с.а.с) салауат айтып, Зәрят сүресінің «(Олар)Таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді» деген 18-аятына амал ретінде жарылқану — истиғфар дұғалары, олардың ішінде әсіресе, жарылқану дұғаларының төресі — сәйидул-истиғфар дұғасын оқыған жөн. Ол дұға төмендегідей:

Оқылуы: «Аллаһумма әнтә рабби лә иләһә иллә әнтә, халақтәни уа әнә ъабдук, уа әнә ъалә ъаһдикә уа уаъдикә мастәтаъту, әъуузу бикә мин шәрри ма санаъту, уа әбуу'у иләйкә биниъмәтикә ъаләййә, уа әбу’у бизәнби фағфирли фаиннәһу лә йағфируз-зунуубә иллә әнтә».

Мағынасы: «Ей, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен өзге Құдай жоқ, Сен мені жараттың және мен Сенің құлыңмын. Күшім жеткенше Сенің сертің мен уәдеңе амал етемін. Өзіңмен істеген жамандықтарымнан сақтанамын. Өзіңе нығметтеріңмен қайтатын боламын және күнәммен бірге қайтамын. Сонда Сен мені кеш, өйткені күнәларды Сенен басқа ешкім де кешіре алмайды».

Пікірлер  

 
Мақсат 26.07.2013 02:19
бұлда өе ұнады енді менде оқймын сіздерге көп рахмет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мақсат 26.07.2013 02:20
өте ұнады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 04.08.2013 17:44
МашАллах Алланын нуры шексиз
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖАЗИРА 10.08.2013 03:26
ИншаАЛЛАХ енди менде окитын боламын. Алланын нуры жаусын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
АЗАМАТ 30.08.2013 02:18
Алла риза болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
АкТоРе 30.08.2013 21:54
Алла разы босын. Мынау керемет сайт
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ӘДІЛ 12.09.2013 22:47
Алла разы болсын! осы намазды жария оқидыма?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Mirza 20.01.2014 20:47
ен жаксы амал жасырын істелінген амал!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шоқан 22.09.2013 00:47
Мың алғыс! Жастарға керекті үлгі өнегесі мол сайт!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Гульназ 04.01.2014 14:59
Ассәламағалейкум Рахматуллах уа баракатуху!маған өте ұнады дұғаны мағынасы мен түсінікті жазыпсыздар Аллаһ разы болсын . Иншаллаһ жаттап аламын енді тәһәжүд намазын оқитын боламын.Маған Аллаһ тағалам жақында намаз оқуды нәсіп етті!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Серик Б 13.12.2014 21:17
маганда унады тәһәжүд намазын оқуга менде бугиннен бастаимын Иншаллаһ Аллаһ қуат бер
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ermek 26.12.2014 17:23
сыздерге АЛЛАМ раз болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Досжан 04.01.2015 00:48
Сонда әрбір екі ракағаттан сәлем бере ма?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
merjansal 19.05.2015 14:28
Алла разы болсын иншалла баримизде окиык
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Килыбай 31.01.2017 23:48
Ассалаумагалейкум
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ербол 09.02.2017 07:03
Тəһəджуд намазының алдын 2-рəкəт нəпіл намаз оқимын сосын 2-рəкəт тəһəджуд намазын оқимын соңынан 3 рəкəт уəжіп намазын оқимын. Өйткені құптан намазынан кейін оқымаймын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ербол 09.02.2017 07:04
Осылай оқып жүргенім дұрыспа? Жауабын айтсаңыздар.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге қосылыңыз

Бізді твиттерде оқыңыз!

Соңғы пікірлер

  • Истихара намазы

    Индира
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИМАНДЫЛЫК БАЙЛЫГЫН БЕРСЫН АЛЛАМ
     
  • Үш үгіт

    Самигулла
    Өнегелі сөз екен! Халқымызда да бар мақал, өткен ...
     
  • Ана өсиеті

    Нұрболат
    Алла разы болсын!Дәл осындай ақыл айтатын аналарымыз ...
     
  • Адал ас

    Бақытжан
    ТАҢСҰЛУ 13.05.2016 12:55 Алла разы болсын! Мен ...

Статистика

2711281
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
405
452
4238
5086
17574
2711281