Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 21153
Печать
Құрбандық шыбынШыбын деген елеусiз ғана кiшкентай мақұлық үшiн бiр кiсi тозаққа, екiншiсi жәннатқа барғаны туралы Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен әңгiме бар. Ол былай болыпты.
 
Пұтқа табынатын бiр қауымның тұсынан екi адам өтiп бара жатады. Бұл қауымның тұсынан ешкiм солардың пұттарына құрбан шалмай өте алмайтын. Олар әлгi екi кiсiнi ұстап алып:
 
- Бiздiң пұттарымызға құрбан шалыңдар, - дейдi.
 
Екеуiнiң бiрi:
 
- Менiң құрбандыққа шалатын ештемем жоқ, - деп ақталады.

Қауым оған:

- Шыбын болса да шал, - дестi.
 
Ол шыбын ұстап алып, құрбандыққа шалды да, әлгiлер оны жөнiне қоя бердi. Ал, екiншiсi:
 
- Мен Құдiреттi де Ұлық Алладан басқаға тiптi шыбынды да құрбандыққа шалмаймын, - дептi. Пұтқа табынушылар оны өлтiредi. Дегенмен, екiншi жолаушы адам баласы елестете алмайтын қызығы мәңгi таусылмас, ғажайып жәннатқа, ал бiрiншiсi азаптың атасындай жалыны қап-қара, гүрiлi сұмдық үрейлi тозаққа лайық болған екен.
 
Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Ербол 23.07.2013 20:06
СубханАллаһ!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жаннұр төремұратқызы 22.11.2013 23:08
Әрине ешкімгеде шыбынның қанатындай қиянат жасамау керек, әр нәрсеніңде өз есебі боладығо. Кішкентай ғана жасаған жақсылығымыздың үлкен сауабы болады, АЛЛАХ өте мейірімді әрі кешірімді
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304036
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
647
368
1421
1887
17911
3304036