Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Қажылық | Просмотров: 13651
Печать

Әдiл билiктiң абзалдығыБiр замандарда бiр елде 70 рет қажылық өтеген кiсi өмiр сүрiптi. Сол елдегi бiр бидiң бiр де бiр рет қажылыққа баруға мүмкiндiгi болмапты. Күндердiң күнiнде биге бiр досы: «Анау кiсiден жетпiс қажылығының бiреуiнiң сауабын сұрап алмайсың ба?» - деп кеңес бередi. Сауап сұрап келген биге ол:

- Мен саған бiр емес, алпыс тоғыз қажылығымның сауабын берейiн, сен маған ең әдiл бiр билiгiңнiң сауабын берсең, - дейдi. Би ойланып қалыпты. Өйткенi, бiр рет әдiл билiк шығару алпыс тоғыз қажылықтан ауыр әрi абзал болуы мүмкiн екен.

Авторы: Пернегүл Үсенова