Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 16367
Печать

Тапқыр кедейБір бай үйіне қонақ шақырып, ас беріпті. Олардың арасында бір кедей де отырыпты. Дастархан басында отырған ақсүйек, байлардың алдына үлкен балық, ал өзінің алдына кіп-кішкентай балық салынғанын көріп, кедей қатты ренжейді. Содан соң балықты қолына алып, құлағына әлденелерді сыбырлай бастайды. Сыйлы қонақтар аң-таң болып, не сыбырлағанын сұрайды. Кедей:

- Әкем балықшы болған еді, бір күні суға кетіп өлді. Балықтан "әкемді көрмедің бе?" деп сұрап жатырмын, - дейді. - Ал балық маған: "Мен кіп-кішкентай балықпын, оны қайдан білейін? Ана табақтардағы үлкен балықтардан сұра. Олар менен ересектеу, мүмкін солар білетін шығар" - деп жатыр.

Үй иесі бай ұялып, кедей қонақтың алдына да үлкен балық әкеліп қойыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова