Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 5962
Печать

jannattan-sarai-satyp-aldyПайғамбарымыз алейһиссалам: «Мұсылманның алғаны емес, берген мүлкі — өзінікі» деген. Қабірге кіргеннен кейін ешкімнің атағы-абыройы қалмайды. Өлгеннен кейін бір кебінмен топыраққа көміледі. Аты да, заты да жоқ болады. Дүние үшін жиған табыстары дүниеде қалады. Ахирет үшін не жинаған болса, ахирет үшін алдын ала не жіберген болса, барлығы өзінде қалады. Ал өмірін дүниеге арнаған, түкке тұрғысыз нәрсе үшін жұмсаған адамның құны қандай болмақ?

Әрине ешқандай болмайды. Егер өмірін ахиреті үшін жұмсаған болса, оның құны сол күні, яғни өлген кезде белгілі болады. Барлық адам үшін шынайы өмір өлгеннен кейін басталады. Бір күні өте кедей бір кісі Мұса алейһиссаламға: «Йа Мұса, жылдар бойы ғибадат етудемін, бірақ кедейліктен өлуге айналдым. Аллаһу та'алаға дұға ет, маған көп мал-мүлік берсін. Жағдайымды түзеп алайын» дейді. Мұса алейһиссалам Тур тауына барып Аллаһу та'алаға дұға етеді. Аллаһу та'ала: «Ол құлымнан сұра! Байлықты дүниеде берейін бе, ахиретте ме?» дейді. Мұса алейһиссалам кедейге келіп сұрайды. Кедей: «Мен байлықты дүниеде қалаймын» деп жауап береді. Мұса алейһиссалам: «Үш күндік дүниені не қыласың? Бір күні барлығын тастап кетесің ғой. Сен байлықты ахиретте сұра, ол жақ мәңгілік» деп кеңес береді. Кедей: «Таңдау маған берілді, мен дүниеде қалаймын» дейді. Мұса алейһиссалам кедейге: «Өзің білесің» деп, Тур тауына барып Аллаһқа: «Йа Раббым, Өзің білетініңдей ол құлың байлықты дүниеде қалады» дейді. Аллаһу та'ала: «Қалауы осы болса, байлықты дүниеде бердім» дейді. Кедей аз уақыттың ішінде өте бай болады, ақшасы сансыз көп болады. Ақшаларын үнемі жақсы нәрселерге жұмсайды. Ақшасын таратқан сайын арта береді. Қаншалықты көп берсе, соншалықты көп ақшасы болады. Қай жерде кедей адам болса, соған барып көмектеседі. Қай жерде қарызға батқан адам болса, барып оның қарыздарын төлейді. Жетімдерге қамқорлық жасайды. Оларды қуантады. Үйі болмағандарға үй әпереді, үйленгендерге көмектеседі. Өзіне ешнәрсе жаратпайды. Бар мүлкін өзгелерге таратады. Уақыты келіп, бір күні ол адам қайтыс болады. Мұса алейһиссалам түсінде оны жаннатта зәулім сарайлардың ішінде көреді. Қызығып, мұның хикметін сұрайды: «Йа Раббым, бұл құлың байлықты дүниеде қалады, сен бердің. Ахиретте зәулім үйлерге қалай ие болды?» Аллаһу та'ала былай дейді: «Иә, ол байлықты дүниеде қалады, мен бердім. Бұл сарайларды ол сол байлығымен сатып алды. Менің берген барлық ақшамды ол осы жерге жұмсады. Ол дүниеде зәулім сарайлар сатып алған жоқ, дүниеде мал-мүлік иесі болмады. Оған берген барлық мүмкіншіліктерді менің разылығым үшін, менің құлдарыма, менің сүйгендеріме таратты, (осылайша) жаннат пен зәулім сарайларға қол жеткізді.»

Пікірлер  

 
muldir 25.06.2014 17:28
машалла ширкин осы кездеги байларда дал сол адам сиакты болсагой
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асел 02.07.2014 15:58
АЛЛА жүректерде жасырынып жатқан жақсы мен жаман ниетті біледі. Ол кісінің ниетін баста білген және басқа кедей пенделерінің қамын ойлаған. Біздерге де жақсы істерді атқару нәсіп етсін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сұңқар 15.07.2014 11:10
Қазіргі өмірдегі байлар да дәл мына кісідей болса ғой, онда біздің қазақтар арасында кедейлер болмас еді.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нұржауған 24.07.2014 05:26
Рахмет!
Алла қаласа, болашақта жағдайым жетсе осындай игі істерді атқарам деп ойлаймын! Алла Тағаллам сол күндерге жеткізсе екен. ..
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Серик Б 26.11.2014 17:45
Журекте иман Тани таза нагыз мусылыман осы кисидеи жасаиды колында кишкентаи баиылыгы бар адамдар кол ушин беудин орынына оздерин танымаи журген жок ба:
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сержан 05.03.2015 11:56
Әссәләмұғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу құрметті ағайындар. Рас бүл дүниеде нені ексең, ол дүниеде соны ласын инша-Аллаһ. Қүранда Аллаһ-Тағала: "Шаңның тозаңындай жақсылық қылсаң соның сауабын аласын,және шаңның тозаңындай жамандықь қылсаң оның азабын тартасын"-деген. (Зылзәлә сүресі).
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ТАНШОЛПАН 11.11.2015 16:51
Алла тагала барлыгымызгы аргы дуниеде осылай омир суруди жазсын. Колымыздын келгенше бир биримизге комектесеиик бауырлар.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304161
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
772
368
1546
2012
17911
3304161