Пайғамбарымыз с.ғ.с. алпыс бір жасқа келгенде, Мариям анамыз ұл туды. Аллаһ Елшісі төбесі көкке жете куанды, сәбиді ерекше еркелетіп, мейіріміне бөледі. Бірде сәби он жеті айға қарағанда, ауыр дертке ұшырады, мұны естіген Аллаһ Елшісі сахабасын ертіп, үйіне қарай құстай ұшты. Бұл кезде кішкентай Ибраһим әрең тыныстап жатқан еді. Пайғамбар с.ғ.с. баланы қолына алды, көзінен моншақтар үздіксіз домалап жатты. Онын қасындағы досы Әбдрахман:
— О, Аллаһ Елшісі, осыншама жылауға бола ма? Бұл Аллаһқа қарсылық емес пе? — деді таңғала.