Turn Desktop View Off
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 5529
Печать

kewirim-surai-biluБір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген қүмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?” - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, қүмырсқадан кешірім сұрайды.

Сонда құмырсқа: “Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін”,- дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: “Бірішіден, бірдеңе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Алланың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Алланың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Алла Тағала екенін есіңде түт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!” - дейді. Сүлеймен оған: “Алла қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын,” - деп уәде береді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
акторе 26.08.2013 09:20
ote keremet angimeler. Alla razy bolsyn.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
куралай 06.10.2013 14:13
Алла разы болсын! менин почтама кунделикти осындай магынада рассылка келуп туруын отинемин! хадистерди оте суйып окимын,рахмет!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ОЛЖАС 10.10.2013 21:56
Алла бизге жар босын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Зарлық 07.11.2013 12:01
әлхамдулиллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аязбек 02.02.2014 15:02
Аллах разы болсын.Мынау Алланың берген байлық атты нығметін бауырына басқан дөкейлерге көбірек арналған екен. Солар көбірек оқып осыдан сабақ алса елімізде әдіілетсіздіктер, теңсіздіктер, бар бола тұра қайырым жасамаушылық болмас еді. Аллах олардың жүрректеріне хидаят берсін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304108
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
719
368
1493
1959
17911
3304108