Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3642
Печать

sabyn-men-din

Діннің не екендігін қаперіне де ілмей, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі, күндердің бір күні иманды кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
- Сендердің сенімдеріңнің бір пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтынеді ғой?
Иманды кісі әлгі адамның бетіне бір сәт қарап тұрды да:

- Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? -деді.

Сабын шығарушысы дереу қарсы шығып:

- Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?

- Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер діннің заңдылық пен талаптарын барлық адам орындағанда, күллі дүние баяғыда түзелген болар еді.