Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 4413
Печать

kuna-men-uyatҒалым Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ кызметшілерімен сырнайлатып кернейлетіп кетіп бара жатса керек. Хасан Басри жол ортасында тұрып, аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап:
- Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі.

Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Саған бір-екі ауыз сөз сатайын, соған келісесің бе? - депті.
- Мейлі, алайын, қаншаға сатпақсыз? - деп сұрайды.
Хасан Басри екі сөзін екі күміске бағалайтындығын айтып, екеуінің арасында мынадай әңгіме өрбиді:
- Өз үйің барма?
-Иә, бар.
Мирас қалып па еді, әлде өзің салғыздың ба?
- Өзім салғыздым.
Қанша уакытта салғыздың?
Оған уақыт көп кетті.
Күш-қуатың болатұра неге тезірек салғызбадың?
- Үйге қажетті ауыр ағаштар мен тастарды тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан оларға көп жүк артқызбадым.

Хасан Басри бұл жолы:
- Ей, елге сыйлы басшының ұлы! Малдарыңа жаның ашығанда, неге өз-өзіңе жаның ашымайды? Оларға қиналмасын деп ауыр жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап жүрсің? Одан да өзіңе неге жаның ашымайды?! -депті.

Аталы сөз балаға қатты әсер еткен еді. Жалма-жан атынан түсіп Хасан Басри хазіреттің қолын алыпты. Сөйтіп сабырсыздана:
- Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма-қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз, - депті жалынып. Хасан Басри екінші сөзін айтпақ болып:
- Қайда бара жатыр едің? - деп сұрайды.
Бала:
Мемлекет басшысына барып, жауапты қызмет алмақ едім, - деп жауап бергенде Хасан Басри:
Қарашы, мемлекет басшысына бара жатырмын деп барынша әдемі киініп, үстіңе хош иістер сеуіпсің. Неліктен? Өйткені мемлекет басшысы мен соның қарамағындағылардың қасына барғанда, ұялып жерге қарамас үшін. Алайда олар да жұмыр басты пенде. Сені мен менен артықшылығы жоқ. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда осыншама күнәң мен кінәларың бола тұра, Аллаһ Тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?..
Ғалымның сөзі сүйегінен өткен төре баласы атының тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып, өзі бұдан былай өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға алданбай, Аллаһ Тағаланың ақ жолына түсіп, тақуалықпен өткізуге табан астында қарар берген екен.

Пікірлер  

 
Айгерім 22.02.2014 13:25
Иә,Сүйектен отер әнгіме екен.Ойландырады.Қаз ір барлығымыз да бес күндік алдамшы өмір сүрудеміз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
дауке 08.04.2014 16:26
соз суйектен отеди бирак мойын бурмай журмиз али де
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаншайым 26.04.2014 15:08
Ой салар ангиме!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асел 01.07.2014 14:04
АЛЛА разы болсын Хасан Басриден. Бір адамға емес, оқыған қаншама адамдарға ой салған.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
мм 11.06.2015 17:33
мағанасыз жазылған
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304222
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
833
368
1607
2073
17911
3304222