Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 4460
Печать

Жемісті шыбықХалиф һарон Рашид бiр қарт адамның кiшкене жемiс ағашының  шыбығын отыр­ғызып жатқанын көрiп, оған:

 - Атай,  сiз ғой қартайдыңыз. Отырғыз­ған ағашыңыздың жемiсiн көре алмайсыз, олай болса неге бейнеттенiп жатырсыз? - дейдi.

Қарт:

 - Бiзден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемiсiн бiз жедiк. Ендi бiз де отырғызайық, жемiсiн кейiнгiлер жесiн, - деп жауап бередi.

Һарон Рашид бұл жауапқа катты риза болып, қартқа бiр уыс алтын бередi. Қарт:

 - Көрдiң бе, балам, бұл шыбықтың же­мiсiн, мiне, мен де көрдiм, - дейдi. Одан сайын риза болған халиф тағы бiр уыс алтын берiп жүрiп кетiптi.

Авторы: Пернегүл Үсенова