Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4751
Печать

Асан мен ҮсенБаяғыда Асан, Үсен атты ағайынды екi жiгiт болыпты. Бiр күнi екеуi әлденеге ренжiсiп қалыпты. Арада бiраз күн өткенде Үсен ағасына бiр адамды жiбередi.

- Ағам келiп менен кешiрiм сұрасын, - дейдi. Ағасы Асан одан әрi ашуланып, жiберген адамына ұрсып қайтарып жiбередi. Сонда Үсен:

- Әттеген-ай! Мен ағамның сауапты көбiрек алып, жәннатқа баруын тiлеп ем. Өкпелескен адамның қайсысы бiрiншi кешiрiм сұраса, сауап соған көп берiлетiн едi ғой, - деп қатты өкiнген екен.


Авторы: Пернегүл Үсенова