Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3150
Печать

Мұсылман көршіБірде Осман мемлекетінің патшасы Фатих Сұлтан Мехмет тағамдардың сапасын және бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, сатушыға:

- Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, - дейді.

Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:

- Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның заттары әрі жақсырақ, әрі көршім әрі ештеңе сатқан жоқ, - дейді.

Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерде жарты келі бал алған соң, сатушы оған:

- Аллаһқа шүкір, аға, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның жейтін тамағының ақшасын таптым, ал көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, жарты келі ірімшікті содан алыңыз, - дейді. Сонда патша:

- "Бұл халық осындай көркем мінезімен дүние жүзін өзіне қаратады: Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамға Аллаһтың қаһары жаусын" - деген екен.

Авторы: Пернегүл Үсенова