Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3524
Печать

Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол келедіБір жігіт әйелі құлағын жей бергеннен кейін әкесін қапқа салып, алыс тауға апарып тастайды. Әкесіне: “Кешір, жағдай осындай болып қалды. Сені үйдегілер жақтырмай жатыр. Ал мен балаларымды қайтіп тастаймын” - дейді. Әкесі оның халін түсініп: “Ешнәрсе етпейді, балам, бара ғой, тек мына қапты ала кет” - деп қапты ұсынады. Баласы: “Ой, жарықтық, мұның маған керегі не?” - дейді. Әкесі: “Е, ұлым, сен қартайып, балаларыңа керегің болмай қалғанда осы қаппен сені де осында жеткізеді” - деген екен.