Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ораза | Просмотров: 15948
Печать
Отыз жылдық оразаОтыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:
 
- Мен бүгiн оразамын! Кезек берiң­дер. Қарным ашты, шөлдедiм! - деп шу шығарады.
 
 Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып, бiр­тiндеп алға жақындай бередi. Отыз жыл бойы ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен, бiр кезде шыдамы таусылып:
- Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса, отыз жыл бойы ораза тұт­қан мен бiрiншi алуым керек емес пе?
 
 Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! - деп ашуланыпты.
 
 Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп:
 
- Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың.
 
Маған да керегi осы едi, - деп көзден ғайып бопты Шайтан.
 
Авторы: Пернегүл Үсенова