Бiр бұзақы жас аю өткен-кеткендi соқтықпай құр жiбермейтiн болыпты. Сол өңiрдегi тәртiпсiздiктiң бәрi соның атымен байланысты бола бергесiн үлкен аю оған кеп: - Балам, саған тентектiгiңдi қой демеймiн.
Бiрақ сен былай жасап көршi, бүгiннен бастап сен жұртқа жақсылық жаса да, әр жасаған жақсылығыңның есебi ретiнде бiр тастан қапшыққа салып отыр. Қапшық тасқа толғанда маған көрсет. Жарай ма? - дейдi.
«Оның қиын несi бар?» деп ойлаған бұзақы аю келiсе кетедi. Сонымен жас аю жақсылық жасап, қапшықты тез толтырып, үлкен кiсiден құтылғысы келедi. Ал, бұзықтықты сосын-ақ үлгередi...