Үнемі дәмді тамағымен үй ішін қуантатын ана, арнайы ас әзірлеп ұлы мен келінін қонаққа шақырады. Олармен бірге отбасының ескі бір досы да шақырылады. Қонақтар дастархан басына жайғасқан соң, алдыларына тамақ қойылады. Барлығы тамақтан дәм тата бастағанда тамақтың дәмі бұрынғы дәмді тамақтарға мүлде ұқсамайды. Керісінше, өте ащы, әрең жейсің. Тамақтан күйгеннің иісі шығып түр.
Оның үстіне еті де шикі пісірілген. Қонақтар не істерін білмей, отырып қалады. Бірақ үй иесінің көңілін түсірмеу үшін ештеңе болмағандай түрткілеп отыра береді. Тамақтан соң, баласы мен келіні ата-анасымен қоштасып үйлеріне қайтады. Оңаша қалған кезде әлгі досы үйдің ханымынан:
Біздің араласып жүргенімізге біраз уақыттың жүзі болды. Сенің керемет аспаз екеніңді білемін. Құдай үшін айтшы, бүгінгі асыңа не болған?! Ауырып қалдың ба әлде бір нәрселер мазалап тұр ма? - деп сұрайды. Әйел аз ғана езу тартты да былай жауап берді:
Жо-жоқ, ешнәрсе де болған жоқ. Әдейі солай жасадым. Балам қайта-қайта анасының тамағын мақтап әйелінің есін шығармай, тату-тәтті өмір сүруі үшін осылай істеуіме тура келді.
ummet.kz