Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3464
Печать

ananyn-konili-baladaҮнемі дәмді тамағымен үй ішін қуантатын ана, арнайы ас әзірлеп ұлы мен келінін қонаққа шақырады. Олармен бірге отбасының ескі бір досы да шақырылады. Қонақтар дастархан басына жайғасқан соң, алдыларына тамақ қойылады. Барлығы тамақтан дәм тата бастағанда тамақтың дәмі бұрынғы дәмді тамақтарға мүлде ұқсамайды. Керісінше, өте ащы, әрең жейсің. Тамақтан күйгеннің иісі шығып түр.

Оның үстіне еті де шикі пісірілген. Қонақтар не істерін білмей, отырып қалады. Бірақ үй иесінің көңілін түсірмеу үшін ештеңе болмағандай түрткілеп отыра береді. Тамақтан соң, баласы мен келіні ата-анасымен қоштасып үйлеріне қайтады. Оңаша қалған кезде әлгі досы үйдің ханымынан: 

Біздің араласып жүргенімізге біраз уақыттың жүзі болды. Сенің керемет аспаз екеніңді білемін. Құдай үшін айтшы, бүгінгі асыңа не болған?! Ауырып қалдың ба әлде бір нәрселер мазалап тұр ма? - деп сұрайды. Әйел аз ғана езу тартты да былай жауап берді:

Жо-жоқ, ешнәрсе де болған жоқ. Әдейі солай жасадым. Балам қайта-қайта анасының тамағын мақтап әйелінің есін шығармай, тату-тәтті өмір сүруі үшін осылай істеуіме тура келді.

ummet.kz

Пікірлер  

 
Жасулан 06.10.2013 15:07
Осындай акылды ана болатын, бойжеткендеримиз коп болгай. Иманды кыздармен таныскым келеди.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 02.11.2013 09:29
машаллах,акылды ананын иси осындай болады,алланын нуры жаусын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 10.01.2014 21:59
машаллах осындай мейрмд аналар коп болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503016
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
488
281
769
7720
18508
3503016