Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 13996
Печать

Қарыз арқалаған итИт көп қарызданады. Қанша тырысқанмен ол қарыздарынан құтылар жол таба алмай дал болады. Оны көрген Ешкi досы:

- Сен өтiрiк жынды бола қал. Ақшасын сұрағандарға меңiреу күй кешiп, мағынасыз әупiлдей бер. Сонан соң олар: мына бишара жынданып кеткен екен, деп сенен үмiт үзедi.

Сөйтiп қиыншылықтан құтыласың, - дейдi. Ит дәл солай iстейдi. Бәрi түңiлiп, күдер үзiп кетедi. Бiр күнi Ешкi келiп:

- Менiң ақылыммен қанша қарызыңнан құтылдың. Ендi менен алған ақшаңды қайтара сал, - дейдi. Ит болса оған мәнсiз, мағынасыз «әуп, әуп!» дептi.

Бiреуге жаман нәрсе үйретуге болмайды екен. Күндердiң күнi өзiңе қиын соғады.


Авторы: Пернегүл Үсенова