Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 13995
Печать

Қарыз арқалаған итИт көп қарызданады. Қанша тырысқанмен ол қарыздарынан құтылар жол таба алмай дал болады. Оны көрген Ешкi досы:

- Сен өтiрiк жынды бола қал. Ақшасын сұрағандарға меңiреу күй кешiп, мағынасыз әупiлдей бер. Сонан соң олар: мына бишара жынданып кеткен екен, деп сенен үмiт үзедi.

Сөйтiп қиыншылықтан құтыласың, - дейдi. Ит дәл солай iстейдi. Бәрi түңiлiп, күдер үзiп кетедi. Бiр күнi Ешкi келiп:

- Менiң ақылыммен қанша қарызыңнан құтылдың. Ендi менен алған ақшаңды қайтара сал, - дейдi. Ит болса оған мәнсiз, мағынасыз «әуп, әуп!» дептi.

Бiреуге жаман нәрсе үйретуге болмайды екен. Күндердiң күнi өзiңе қиын соғады.


Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Аяулым 04.08.2013 00:46
Иа "біреуге ор қазба өзің түсесің" деген мақал бар
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Раушан 23.02.2017 20:53
Сәлеметсіз бе? Маған сіздің жазған ғибыратты әңгімелеріңіз қатты ұнайды. Балаларға қажетті, ой тастайтын, ойландыратын әңгімелер. Авторы: Пернегүл Үсенова деп көрсетіп осы әңгімелеріңізді журналға жариялауға рұқсат бересіз бе? Мен балалар журналында жұмыс жасаймын. Есімім Раушан. Жауабын айтсаңыз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905