Әкесiнiң әлдененi есептеп, жазып отырғанын көрген Хасан есiмдi бала өз бөлмесiне жүгiрiп кеп, ойына алған нәрсенi орындауға кiрiседi. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегi үшiн ақша сұрамақшы болады.
Келесi күнi анаcы ас үйдегi үстелдiң үстiнен бiр қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен. «Анасының ұлы Хасанға қарызы:
Дүкеннен сөмке тасығаны үшiн - 550 теңге, хаттарды поштаға салғаны үшiн -300 теңге, жақсы бала болғаны үшiн - 1500 теңге, гүлдерге су құйғаны үшiн - 900 теңге, барлығы -3250 теңге».
Анасы үстелдiң үстiне 3250 теңге қалдырып кетедi.
Кешке Хасан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда, ақшаның жанында тағы бiр қағаз жатқан едi. Онда былай деп жазылыпты:
«Хасанның анасына қарызы:
Үйде өткiзген 10 жыл бақытты өмiрi үшiн - ештеңе, он жыл iшiнде iшiп-жегенi үшiн - ештеңе, ауырған кездегi бағым-күтiмi үшiн - ештеңе, жақсы ана болғаны үшiн - ештеңе, барлығы - ештеңе». Қағазды оқыған Хасан қызарып кетiптi. Сонан соң жүгiрiп келiп анасын құшақтап, кешiрiм сұрап, ақшаны анасына қайтарып берiптi.
Авторы: Пернегүл Үсенова