Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3514
Печать

Хасанның есебiӘкесiнiң әлдененi есептеп, жазып отырғанын көрген Хасан есiмдi бала өз бөлмесiне жүгiрiп кеп, ойына алған нәрсенi орындауға кiрiседi. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегi үшiн ақша сұрамақшы болады.

Келесi күнi анаcы ас үйдегi үстелдiң үстiнен бiр қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен. «Анасының ұлы Хасанға қарызы:

Дүкеннен сөмке тасығаны үшiн - 550 теңге, хаттарды поштаға салғаны үшiн -300 теңге, жақсы бала болғаны үшiн - 1500 теңге, гүлдерге су құйғаны үшiн - 900 теңге, барлығы -3250 теңге».

Анасы үстелдiң үстiне 3250 теңге қалдырып кетедi.

Кешке Хасан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда, ақшаның жанында тағы бiр қағаз жатқан едi. Онда былай деп жазылыпты:

«Хасанның анасына қарызы:

Үйде өткiзген 10 жыл бақытты өмiрi үшiн - ештеңе, он жыл iшiнде iшiп-жегенi үшiн - ештеңе, ауырған кездегi бағым-күтiмi үшiн - ештеңе, жақсы ана болғаны үшiн - ештеңе, барлығы - ештеңе». Қағазды оқыған Хасан қызарып кетiптi. Сонан соң жүгiрiп келiп анасын құшақтап, кешiрiм сұрап, ақшаны анасына қайтарып берiптi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Kairat Kudaibergenul 13.03.2014 18:45
Осындай балалардын түсінуіне де женіл, тәрбие берер әнгәмелер көптеп жазылып балалар мектеп оқулықтарына енгізсе жақсы болар еді.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905