Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3504
Печать

Бір сағаттық өмірБiр кiсiден:

- Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? - деп сұраған екен, ол:

- Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Аллаһтан жарылқау сұрар ем, - деп жауап берiптi. Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:

- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, - дептi. Ал үшiншi адам:

- Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, -  дептi.

Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Аллаһ Тағалаға ұнамдысы - соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату - әр мұсылманның парызы болып табылады.

Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз - пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Аллаһты тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.

Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Аллаһты танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.

Авторы: Пернегүл Үсенова