Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3503
Печать

Бір сағаттық өмірБiр кiсiден:

- Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? - деп сұраған екен, ол:

- Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Аллаһтан жарылқау сұрар ем, - деп жауап берiптi. Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:

- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, - дептi. Ал үшiншi адам:

- Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, -  дептi.

Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Аллаһ Тағалаға ұнамдысы - соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату - әр мұсылманның парызы болып табылады.

Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз - пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Аллаһты тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.

Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Аллаһты танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Мұрат Мұхаш 12.04.2012 13:56
Пернегүл қарындастың барлық әңгімелері рухани нәрлі екен. Алла разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905