Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 5123
Печать

kasyktagy-maiҚызыл шырайлы, қапсағай денелі Есбол қарияның қашан да айтар әңгімесі қызықты. Әдеттегідей төргі үйдегі түкті кілемге малдас құрып алқа-қотан отырған қара домалақтар сауалдың астына алып жатыр:
– Ата, өткен жолғыдай ертегі айтыңызшы?
– Оқиғасы шым-шытырық…
– Ию-қию…
– Қорқынышты болса, тіпті жақсы!
– Аха-а!.. Сен де қайдағыны сөз етуге үйір тұрасың!

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 4630
Печать

adal-saudaИндонезия елінің Горонтало шаһарында пайда болған бес саудагер жайындағы әңгімені ең әуелі қала базарындағы сатушылар естіп білді. Әр тұтынушыны түстеп танитын сатушылардың аңдыған-баққандары сол емес пе?
Сөредегі дүниесін асыра мақтап, қайтсе де ылдым-жылдым өткізіп жіберуге әбден дағдыланған, адамдарды алдап-сулап баюдың жолына шырақ алып түскен олардың бойын іштарлық, қызғаныш сынды қызылкөз нәпсі жайлағалы қа-ша-ан?!

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 6286
Печать

baska-pale-tildenҮшінші сыныптағы бүгінгі «Ана тілі» сабағы жылдам өте шықты. Мұғалім әдеттегідей үй тапсырмаларын сұрады да, іле жаңа сабақты бастады.

– Балалар, – деді ағай. – Тіл сөзіне байланысты сөйлем құрандаршы!
Оқушылар ойланып қалды. Аяқастынан қайдан табыла кетсін? Жоқ олай емес… Табылды. Дәйім тап-тұйнақтай жинақы жүретін үздік оқушы Күлтай қол көтерді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4558
Печать

sen-bagalagandy-sende-bagalaӘйгілі пианист Артур Рубинштейн өзінің концерттік кешін бітіріп, сахнадан шықкан сәтте, кішкентай бір қыз қолына қойын дәптерін алып, қолтаңба алмақшы болады. Артур қолым қатты талып тұр деп бас тартқандай ыңғай білдіреді. Сонда әлгі қыз ренжіген сыңай танытып: «Қолыңыздың талып кеткенін білемін. Бірақ менің де қолым мәз емес».

– Не үшін?

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 6496
Печать

omirdin-mani-neШашы мен сақалы ағарып, бетін әжім басқан ұстазым Доктор Пападеростан «өмірдің мәні не?» деп сұрадым. Ол кісі гректің мәдениеттенушысы әрі тарихшы профессоры болатын. Жолдастарым үйреншікті әдеттеріне салып, айқайлап күліп, сыныптан шығуға ыңғайлана бастады. Сол кезде Пападерос қолын жоғары көтеріп сыныптағы шуды лезде басып тастады. Сосын менің қандай мақсатпен сұрап тұрғанымды білу үшін көзіме бір сәт тесіліп қарап алды да: «Сұрағыңа жауап берейін», - деді.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3332689
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
188
680
1925
4428
15028
3332689