Омар ибн Хаттабтың халифалық еткен кезінде Мәдинадағы мұсылмандардың жағдайымен етене танысып, тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көру үшін түрі мен киімін өзгертіп, қасына қызметші жігітін ертіп, іңір қараңғысы түскен соң қаланы аралайтын әдеті болатын, Сол әдетімен бір күні қала ішінде жүріп шаршаған соң бір үйдің қабырғасына арқасын сүйеп демалып тұрған кезде үй ішінде бір әйелдің өз қызына бүйырып: “Әй, қызым, тұр. Мына сутке су қосып араластыр,” - деген сөзін құлағы шалады. Оған қызы: “Ей, анам, халифа Омар ибп Хаттабтың адамы келіп, сутке су қосып айла жасамауды ескерткен жоқ па?” - деп қарсылық білдірді.