Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 20954
Печать

Истихара намазыБарлық мадақ әлемдердің Иесі бір Аллаға ғана лайық! Біз одан тура жол тілеп, дұрыс бағытқа нұсқауын жалбарынып тілейміз. Оған тәубе етіп, күнәларымызға жарылқау сұраймыз. Алланың атымен нәпсілеріміздің кәсапаттарынан, күнәларымыздың кері әсерлерінен сақтанамыз. Алла кімді туралыққа бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал енді кімді адастырса оны ешкім де тура жолға сала алмайды. Мен Алладан басқа ешқандай құдайдың жоқ екендігіне және мырзамыз Мұхаммедтің Оның елшісі екендігіне куәлік етемін. Ардақты Пайғамбарымызға, оның әулеті мен сахабаларына Алла Тағаланың сансыз салауаты мен сәлемі болсын!

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 19680
Печать

Қажет намазыҚажет намазының анықтамасы

Қажет намазы: пенденің Алла Тағаладан кеңшілік пен ризық несібенің көбеюін, таршылық пен машақаттан құтылуды немесе арман-тілегінің орындалуын тілеп оқитын арнайы намаз түрі. Кейде мұсылманның басқа бір адамға күні түсіп яки болмаса Раббысынан тікелей сұрайтын бір мұқтаждығы болғанда сол арман-тілегінің орындалып, ісінің жүзеге асуы үшін Алла Тағалаға бет бұрып, қажет намазын оқиды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 15924
Печать

Тәсбих намазыТәсбих сөзі туралы

Тәсбих сөзі намаз, зікір ету, дәріптеу мағынасында келеді. Оған бір дәлел Құран Кәрімдегі Саффат сүресінің 143-аяты: «Егер ол (Жүніс пайғамбар (а.с.)) дәріптеушілерден болмаса еді». Яғни, Алланы пәктеп, дәріптеп, намаз оқымағанда басқаша болар еді деген мағынада. Тәсбих сөзі Субханалла сөзін айтуды да білдіреді. «Тәсбих айтты» дегеніміз, Субханалла деп айтты дегенді білдіреді. Ал Субханалла Алланы кез келген кемшілік пен нұқсандықтан, жамандық атаулыдан пәктеу.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 9907
Печать

Дұха намазыДұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.)) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкағаты, ұйықтауға үтірді оқып барып жату» (Бұхариде № 1178, Мүслімде № 721).

Оқылатын уақыты: Дұха намазын күн найза бойы көтерілген бастап күн тас төбеге келгенге дейін оқуға болады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 10262
Печать

Тәһәжүд намазыАлла Тағала Расулаллаға (с.а.с.) былай уахи еткен: «Түнде оянып онымен (Құранмен) нәпіл оқы. Раббың сені мақтаулы орын5а жеткізуі мүмкін» (Исра, 79).

Тәһәжүд — түнде оқылатын намаз. Мүслімнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыз намаздардан кейінгі ең абзал намаз — түнгі намаз», — деген. Сондай-ақ сол имам Мүслімнің Сахихында Расулалланың (с.а.с.): «Түнгі намазды оқыңдар. Ол — салихалы жандардың әдеті, Раббыларыңмен жақын байланыс, жамандықтарыңды өшіруші әрі күнә істерден тыюшы», — деп өсиет еткен хадисі де бар.

Подробнее...
 
<< В начало < Назад 1 2 Вперёд > В конец >>

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304398
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
99
910
1783
2249
17911
3304398