Адам ата дүниеден өткен соң ұрпақтары аталарының үйретіп кеткен дінінен, тура жолдан айнымады. Алайда жыл артынан жылдар өте келе адамдар тіршілік пен ризық табу қамына кірісіп, дін мен Құдайға құлшылық ету жайын естерінен шығара бастады. Осыны көрген кейбіреулер Алланы әрдайым ұмыттырмай еске салып тұратын ескерткіштер жасап шығарды. Уақыт өте келе біреулер бұл ескерткіштерді Құдайдың суретіне балап, оларға табына бастады.