Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Иман | Просмотров: 4058
Печать

din-nasihatМүминдер әміршісі халифа Омар ибн Абдулазиз мұсылмандарды басқарып тұрған кезінде қазына үйінің қоймашысы етіп жас жігітті тағайындайды. Мұсылмандар мейрамы айт келеді. Халифаның қыздары айт күндері киіп шығар жаңа киімдері жоқ екенін, көйлектерінің тозығы жетіп ескіргенін өз құрбыларының айт мейрамына жаңа әдемі киініп шығып жатқандарын айтады.
Қыздарына жаны ашып, көңілі жібіген әке қазына үйінің қоймашысына келіп: “Келер айдың еңбек ақысын бер,” - деп сұрайды.

Мұсылмандардың қазына үйінен келесі айдың жалақысын алдын-ала алғың келе ме? Келесі айға дейін өмір сүріп, қызмет ететініңе кепілдік ете аласыңба, ей мүминдер әміршісі?!” – деп қазынашы жас жігіт халифаның бұл талабына қарсылық білдіреді. Халифа бір жағынан таңырқап, бір жағынан қуанып,  “Алла Тағалаға шүкіршілік, маған сендей шынайы насихатшы берген,” - деп Халифа Омар ибн Абдулазиз қазынашысының сөзіне разы болады. Содан соң қыздарына бұрылып: “Өздеріңнің жаңа киімдерің үшін әкелерің тозақ отына кірсін демесеңдер райларыңнан қайтыңдар,” - дейді.

Ғибрат: Омар ибн Абдулазиз мүминдердің әміршісі бола тұра қоймашы жігіттің насихатын тыңдап, оған разылығын білдірді. Бұл оның қарапайымдылығы мен тақуалығының белгісі еді. Пайдалы насихатқа құлақ асқан адам, әлбетте, жақсылыққа, жетістікке жетеді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Көгершін 10.09.2013 16:00
Аллах бізге де сондай такулықты нәсіп етсін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Габит 22.11.2013 15:30
МашАллах біздерге де сондай тахуалық нәсіп қылсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
dastan 19.12.2013 22:18
i inwallax allax subxana uatala bizgede nasip etsin sondai takualykty
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304108
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
719
368
1493
1959
17911
3304108